Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3190 0 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 19:46

Бұрынғы министр Біртанов емханадан шықты

14 маусым күні коронавирус жұқтырған бұрынғы Денсаулық сақтау синистрі Елжан Біртанов денсаулығы жақсарып, емханадан шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

«Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты емханадан шығарылды. Қазір амбулаториялық емін жалғастыруда», - вице-министр деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

25 маусым күні Біртанов қызметінен өз еркімен кеткенін, індетінен толық айықпағанын, қосымша ем қабылдайтынын айтқан болатын.

«Құрметті әріптестер, достар! Бүгін мен өз еркіммен қызметімнен кету туралы Мемлекет басшысына өтініш жаздым. Өкінішке орай, мен коронавируспен ауырып қалғандықтан және пневмонияның асқынуына байланысты қосымша ем қабылдауым керек.

Елде эпидемиологиялық жағдай асқынып тұрған қазіргідей кезде, бұл салаға министрлік деңгейінде де, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары деңгейінде де толық күшпен жұмыс істейтін басшы керек деп есептеймін.

Біздің денсаулық сақтау жүйесі бұл тығырықтан шығады деп сенемін. Әрқайсымыздың уақытымыз бен қажыр-қайратымыз керек. Барлық әріптестеріме мықты денсаулық пен сабыр тілеймін. Қазақстанның Денсаулық сақтау саласын дамыту ісіне аз да болса үлесімді қосуға мүмкіндік берген Мемлекет басшысына алғыс айтамын», - деп жазған еді экс-министр.

Президент Елжан Біртановтың орнына Денсаулық сақтау министрі қызметіне 25 маусымда Алексей Цойды тағайындаған. Цой мырза содан бері коронавируспен күреске бел шеше кірісіп кетті. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты министр Цойдың 3 болжам, 10 жоспары жарияланды.

Сонымен қатар, күні кеше Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522