Сенбі, 15 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 102287. Жазылғандар — 80716. Қайтыс болғандар — 1269
1242 0 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 13:17

Министрлік: Лауазымына қарамай барлығы бірдей емделеді

COVID-19-дан емдеу адамның әлеуметтік мәртебесі мен дәрежесіне байланысты жасалмайды. Барлығы бірдей-ақ емделеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді.

Вице министрдің айтуынша, әкімдер мен депутаттарды бөліп қарамайды. Емдік шараларды жалпы негізде, барлық азаматтар секілді алады.

«Мемлекеттік және саяси қызметкерлер инфекциялық стационарларда ауырлық жағдайы бойынша, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесі бойынша – үйде ем алады. Ведомстволық ауруханаларда жұқпалы ауруларды емдеу қарастырылмаған. Олардың мұндай қызметке лицензиясы жоқ», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында.

Abai.kz

0 пікір