Жұма, 19 Сәуір 2024
3225 4 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 10:51

Ресейдегі плебисцит нәтижесі: Конституциядағы жаңа ережені көпшілік "қолдады"

Ресей сайлаушыларының 77,92 пайызы Конституциядағы жаңа ережені қолдады, сайлаушылардың 21,27 пайызы қарсы болды, деп хабарлады Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы. Референдумға сайлаушылардың шамамен 65 пайызы қатысқан.

Шешенстан (97,92%), Тува (96,79%) және Қырымдағы (90,07%) сайлаушылар белсенділігімен ерекшеленген.

Ненецк автономиялы округі тұрғындарының көбі (55,25%) заң ережесін қолдамаған.

1 шілдеде Ресейде Конституциядағы түзетулерді дауысқа салу аяқталды. 25 маусымда басталған референдум бір аптаға созылды.

Ресей Конституциясының өзгеруіне қарсы "НЕТ!" науқанын ұйымдастырушылар экзитпол мәліметтерін жариялады. Ол бойынша, Мәскеу қаласы тұрғындарының 55 пайызы қарсы дауыс берген. Петербургте сауалнамаға қатысқандардың 63 пайызы жаңа ережеге қарсы екенін айтқан. Зерттеуге 7 мыңнан астам адам қатысқан.

Конституцияға енген ережелердің бірі – Владимир Путиннің президент мерзімдері өшіріледі. Енді ол 2036 жылға дейін билік басында қала алады.

Abai.kz

4 пікір