Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3467 1 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 15:42

Карантинді бұзған қазақстандықтар қанша айыппұл төлейді?

Бүгін Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Аталған карантин шараларын егізуге қатысты баспасөз мәсілихатында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баяндама жасады.

Вице-премьер карантин ережесін сақтамаған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін ескертіп өтті.

- Ал шағын және орта бизнес өкілдері айтқанға құлақ аспай, талапты бұзар болса 230 АЕК-тен бастап айыппұл төлейді. Тиісті қаулыны осы аптада қабылдаймыз, – деді Тоғжанов.

Abai.kz

1 пікір