Жұма, 29 Наурыз 2024
3787 8 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 15:45

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан жазылып шықты

Covid-19-ға қатысты қайтадан тест (сараптама) тапсырған Елбасынан коронавирус анықталған жоқ. Бұл туралы Н. Назарбаевтың баспасөз хатшысы твиттер желісінде жазды.

“Сіздерге айтар жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ тапсырған тест сынамасы теріс нәтижесі көрсетті. Назарбаев дәрігерлер кеңесіне құлақ асып, оқшаулану режимін әлі де сақтайтын болады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада жиі-жиі серуендеуді жоспарлап отыр”, – деп жазды Айдос Үкібай.

Естеріңізге сала кетейік, 18 маусым күні Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталып, ол оқшауланып жатып, ем қабылдаған. Сол кезде Назарбаевтың вирус жұқтыруының себебі - вирус жұқтырған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаны деп айтылды. Ал 25 маусым күні Елжан Амантайұлы сырқатының асқынуына байланысты өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазған. Ал оның орнына Денсаулық сақтау министрі болып Алексей Цой тағайындалған.

Айта кетейік, 6 шілде күні Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толады. Ол Қазақстанды Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері  басқарды. 2019 жылы өз қалауымен отставкаға кететінін мәлімдеді. 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568