Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5297 1 пікір 30 Маусым, 2020 сағат 15:27

Коллекторлар қарызға батқан азаматтарды алдауға көшкен

Ел вируспен арпалысып жатқанда коллекторлар халықты жегідей жеуде. Осыны Мемлекет басшысы біле ме екен?

Коллекторлар мен сот орындаушылары қарызға батқан азаматтарды алдауға көшкен. Жыл басынан бері несиесі коллекторға өткен қарағандылық тұрғындарға күмәнді қоңыраулар көбейді.

Олар өздерін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіненбіз деп таныстырады. Басында олар көп балалы аналарға астанадан үй кезегіңіз келіп тұр деп хабарласатын. Ол үшін бұғатталған шотыңызды ашу керек. Онсыз үй атыңызға рәсімделмейді. Коллекторлық компанияға өткен кредитіңіз бар екен, шұғыл жабыңыз дейтін. Біздің он шақты анаға осылай астанадан звоноктар жасалды. Астанадан үй беріледі екен деп, қарыздың үстіне қарыз алғандар бар.

Қазір коллекторлар заман ағымына ілесіп үлгеріпті. Кеше біздің бір анаға 505 мың теңге грант ұттыңыз, Қазпоштадағы шотыңыз бағытталған, кредитіңізді төлеп аштырыңыз, ақша аудара алмай тұрмыз деп хабарласыпты. Ол ана жаңа кредит рәсімдемек.

Ол телефондар, аудиолар біздің аналарда бар, бір-екі коллекторға звондап, халықты неге алдайсыз, несиені заңды жолмен қайтартыңыз дегенмін. Мұндай званок коллекторлар арасында дәстүрге айналған ғой деймін. Бәрімен сөйлесу, қарыздан қажыған халықты қорқытып-үркіту, бопсалауды тыю мүмкін емес екен.

Ол звоноктарға ортақ дүние, барлығы өздерін Нұр-Сұлтандағы Халықты жұмыспен қамту бөлімі мен тұрғынүй-қатынастары бөлімінің маманымыз деп таныстырады. Мемлекеттік органның атын жамылып, елді адастырып отыр. Үкімет карантин кезінде қаржылық операцияларға жеңілдіктер қарастырып отырғанда, коллекторлардың елге қысым жасауына тосқауыл қойған дұрыс.

Осындай қоңырау алған таныстарыңыз барма?

Ләззат Қожахметтің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір