Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3289 3 пікір 30 Маусым, 2020 сағат 13:06

Иран Интерполдан Трампқа халықаралық іздеу жариялауды сұрады

Тегеран генерал Касем Сулейманидің өліміне байланысты АҚШ президенті Дональд Трампты қамауға алу туралы бұйрық шығарды. Иран прокуратурасы Интерполға өтініш айтып, Трампқа халықаралық іздеу жариялауды талап еткен.

АҚШ президентімен бірге тізімде 35 адам бар. Иран билігі оларды Сулейманидің өліміне қатысы бар деп есептеп, кісі өлтірді және терроризм үшін деп айыптап жатыр.

Интерпол бұған қатысты "саяси, әскери, діни және нәсілдік тұрғыдан іс-әрекеттерге бармайтынын" жариялаған.

Ақ үй Тегеран мәлімдемесіне қатысты әлі пікір білдірмеді.

Иранның жоғары дәрежелі генералы Касем Сулеймани жыл басында Бағдад жанында әуе соққысынан қаза тапты. Тегеран жауап ретінде АҚШ-тың Ирактағы әскері орналасқан базаны бомбалады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516