Жұма, 29 Наурыз 2024
Алаң 6974 23 пікір 30 Маусым, 2020 сағат 12:53

Владимир Ким сепаратизмді қолдаушы ма?

Біздің елдің ақпарат кеңістігіне ресейлік БАҚ-тың қатты әсер ететіні жасырын емес. Әсіресе біздегі орыс тілді басылымдар, телеарналар Ресейде жарық көрген мақала-материалдарды, телехабарларды, фильмдерді еш сүзгіден өткізбестен қазақстандықтардың назарына ұсынып жүр. Бұл сөзімізге дәлел табу - әлемдегі ең оңай шаруа шығар. Теледидарыңызды қосып қалсаңыз, қаптаған ресейлік теле-сериалдар... Мән-мағынасына қармай эфирге шығарып отырмыз. Ал ресейлік көзқараспен жазылған мақала, зерттеулерді түрлі басылымдардан оп-оңай табасыз...

Осы мәселе төңірегінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Арман Шораев Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазба жариялады. Арман мырза аталған жазбасында Он TV телеарнасының ресейлік «Звезда» арнасының бағдарламаларын көрсете бастағанын айтып, миллиардер Владимир Ким мен Наталья Акентьева дейтін екеуін еліміздегі сеператизмді дамытушылар деп айыптайды.

Ресейлік арна өз бағдарламаларында Украина мен Ресей, Грузия мен Ресей, Молдава мен Ресей қарым-қатынасы жайлы біржақты хабар таратып, аталған үш елді теріс жағынан таныстыратын көрінеді. Қазақстан билігі әлі бейтарап көзқарас ұстанып отырған Қырым мәселесін де біржақты көрсетіп, Қырымды Ресейдің жері деп ашық нәсихаттап жүр екен.

Журналит өз жазбасында Он TV телеарнасының иесі РБК банк екенін айтады. Ал бұл банктің басты акционері - Владимир Ким. Кимнің кім екенін елдің бәрі біледі. Қазақ мысының қожайыны, Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкер. Ендеше қазақтың ен байлығын емін-еркін пайдаланып, елдегі ең бай адам атанған Ким кімнің сойылын соғып жүр?

Задержанный Арман Шураев ждет санкции суда

Біз журналист Арман Шораевтың сол пікірін қаз-қалпында оқырман назарына ұсынып отырмыз: 

«Бесінші колонна Қазақстанда.

Танып, біліп жүрулеріңізді сұраймын – Владимир Ким мен Наталья Акентьева – еліміздегі ең басты сепаратизмді дамытушылар.

Жуырда біздің елдегі Он TV телеарнасының толқыны арқылы Ресейдің агрессивті «Звезда» телеарнасы көрсетіле бастады. Бұл - Кремльдің көршілеріне қарсы көрсетіп жүрген агрессиясының логикасын мен басқа да милитаристік көзқарасын түсіндіріп, насихаттайтын арна.

Сондықтан да ол бүткіл контентін мемлекеттік тілге аударып береді.

Ал енді, менің туған тілімде, Абайдың ана тілінде, өз қазақ тілімізде олар бізге, қазақтарға Украина мен украиналықтардың қандай нашар халық екенін, Грузия мен грузиндердің, Молдова мен оның халқының да жақсы емес екенін және неге Крымның Ресейдікі екенін де насихаттап жатыр.

Бізге әлгі ОРТ Евразия арнасы аздық еткендей, енді тағы бір зомби-телеарна қосылды.

Және бұл арнаның Отау тв каналдарының тегін пакеті тізімінде бар екенін де айта кеткен жөн.

Бұл әңгімеге Ким мен Наталья бикештің не қатысы бар дерсіз? Өйткені, бұл телеарнаның басқарушысы – РБК банк.

Ким, мен сізді түсінбеймін, бұл сіздің тым қатты тойынғаныңыз ба, әлде сіз біздің елді сепаратизмнің құшағына итеріп жатырсыз ба? Сіз өзіңіздің арнаңыз тура жарты күн бойы Ресей диаспорасына Гиви мен Моторола және басқа да «жасыл адамдар» осында келетініне үміт сыйлайтынын түсінесіз бе? Ал сіз қалған жарты күнді қазақтар мен украиндарді, қазақтар мен грузиндерді бір-біріне айдап салып отырсыз ба?

Мен Қазақстан билігінен аталмыш телеарнаның Отау тв-ден толық жойылуын және эфир жүргізуін тоқтатуды талап етемін!

Біз Украинаға соғыс жариялаған жоқпыз және Қырымды ресейге тиесілі деп мойындаған жоқпыз!

Оның үстіне, егер біздің елде Ресей жағында Донбаста соғысып жүрген азаматтар қылмыстық жауапқа тартылса, онда теледидарлар болашақ содырлардың жасырын түрде тартылуы туралы неге хабар таратуы керек?

Менің пікірімді қолдайтындар, РБК Банкке бойкот жариялауыңызды өтінемін.

Ким, сіз мыс пен Отанды қатар сата алмайсыз. Біреуін таңдаңыз».

Дайындаған: Қуаныш Қаппас

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616