Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 6536 10 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 15:14

Тоқаевқа тұздық ұсыныс

Президент Қасымжомарт Тоқаевтың ел жағдайына қатысты мәлімдемесіне тұздық ұсыныс: Бірінші, індетті саясатқа, құралға, мүддеге айналдырмасын!

Екінші, үкімет, елге бөлінген қаржының есебін берсін! Үшіншіден, өздерін де, өзгені де алдамасын! Халықты тыныштандырсын! Іспен, нақты шаралармен. Марапат, грамота атақ ескірді. Ол советтік сүрлеу! Ең бастысы тәртіп, жүйе, заң, принцип, мақсат нақты қойылсын!

Медицина қызметкерлерінің ақшасын арттырамыз деп, алдаған басшы, әкім, министр, депутат бәрі орнын босатсын, сонда абырой асады!

Пандемиямен күрес, карантин-әскери режимде ұйымдастырылсын! Әр отбасыға үкімет азық түлік қоржынын қамтамасыз етсін, магазин шарлап кетпесін! Абитуриент, студенттерге емтихан оқу үдерісі онлайн ұйымдастырылсын!

Аптекалар орталықтандырылған жүйеде жұмыс істеп, тиісті тест, ем дом тегін болсын, паникаға жол берілмесін! Емдеуге жарамды ғимараттар мобильді емханаларға ауыстырылсын!

Кредиттер толық кешірілсін, халықтың қанын осы уақытқа дейін теспей сорған банктерге тосқауыл қойылсын!

Сырттан болмашы пайызға алған ақшаны 30 пайызға елге беріп, езіп келген жүйе кетсін! Мамин үкіметі отставкаға кетсін! Парламенттегі еңбектеген шалдарға ковидке ұшырап, өлмей тұрғанда, бостандық берілсін, бұдан әрі зорлап отырғызу моральға да сыймайды. 

Досай Кенжетайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

10 пікір