Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3554 8 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 13:14

Маргинальдық шизофрения қоғамындағы пандемия

Елді COVID-19-дың екінші кезеңі кезіп жүр.

Бұл алдыңғыдан да қауіпті, қатаң сақтанбаса өлім бірнеше есе өсетін түрі бар.

Қазіргі вирус тарауының негізгі себебі ішкі миграция, орынсыз той-домалақ пен кезбеліктен қоғамдық тәртіптің сақталмауы, карантинга бөлінген бюджет қаржысын ұрлау, "күздегі сайлаудың сандырағы"...

Енді вирус ауруханалар, министрліктер мен Ақорданы кезіп жүр.

Біреулер карантин кезінде екі құдалық өткізгеніне мақтанса, Есік қаласының карантинге жабылуына оның 30-дай тұрғынының Өзбекстанға құдалыққа баруы себеп болды...

Қазақ үшін бұл вирустың тарауына ой емес той, тәртіп емес дарақылық, COVID-пен күресу емес оған бөлінген қаржыны ұрлау және карантин кезінде сайлау өткізу... себеп болуда. Қоғамды анахронизм мен вирус қатар жайлауда.

1920-1930 жылдары елдегі басқа халықтардан қазақтардың жасанды аштықтан ондаған-жүздеген есе көп қырылуының себебі мономәдениет яғни тек мал шаруашылығымен ғана айналысуы және жаппай репрессияның себебі сатқындық пен домалақ арыздар болса, бұл жолғы өлімдердің көп болуы да мономәдениет яғни тойшылдықтан болуда...

Бұл пандемия емес, маргинальдық шизофренияның бір түрі.

Жанұзақ Әкімнің жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594