Сейсенбі, 11 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 99442. Жазылғандар — 72523. Қайтыс болғандар — 1058
Алашорда 4727 5 пікір 16 Маусым, 2020 сағат 11:52

Алаштықтар Абайдың «толық адамдары» болды

ХІХ ғасырдың екінші жартысында тарих саханасына «жадит» ұғымы шықты. Жәдитшілдік бағыттағы мұсылмандар пайда болды. Қазақ халқының арасында бұл концепция кеңінен таралды. «Жадит» араб тілінде «жаңа» деген мағына береді. Білім мен руханият ұштасқан, идеялық негізі бар ағым. Францияның Сорбонна университінде білім алған мұсылман ағартушысы Исмайыл Гаспринскидің (1851-1914) жадитшілдік ұстанымы түркі әлемінің көрнекті ұстаздары Әбдінасыр Әл-Курсави (1776-1812) мен Шаһабуддин Багауиддинұлы Әл-Маржанидің (1818-1889) дүние танымдық көзқарастары мен ұстанымдары негізінде қалыптасты.

Жәдитшілдік қозғалысы мұсылман халықтарын даму мен өрлеу жолына, заманына лайық ғылым-білімнің жетістіктерін пайдалана отырып, өркениетті елдер қатарына қосылуды мақсат етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың дінни-ағартушы өкілдері Абай Құнабайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жсіп Көпеев, Ғұмар Қараш, Шәді Жәңгіров, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Нұржан Наушабаев, Тұрмағмбет Ізтілеуов, Ақмола Мұхаммедияров,Әбубәкір Кердері, Мақаш Қалтаев, Нұржан Надшабаев, Мұсабек Байзақұлы, Әріп Тәңірбергенов, Иманжүсіп  Құпанұлы өз шығармаларында мұсылмандық мәдниет пен әдебиеттің негізін қалыптастырды. Онда Жаратушы мен адам қараым-қатынасы, дүниеннің жаратылуы, мұсылмандық әдеп пен ахлақ мәселлерін көтерді. (Б.Қ Бейсенов. Қазақ ойшылдары дін туралы: оқу-құралы-Алматы, 2012.-192б 161бет). 

Абай міне осы жәдитшілдік жолды ұстанған зиялы. Меддіресседе үздік оқыған Абай сияқты шәкірттер исламды-ғылыми ғақли  жолмен, терең ойланып, жүрек көзімен танып білді. Араб, парсы, түркі тілдерін жақсы біліп, илаһи Құран ілімдеріне бойлады. Ол өз ұлтының тамырын дәл басып, барлық кеселін айтып, одан арылудың жолын көрсеткен. Мағжан атамыз «қазаққа ақылдан да, ақыннан да Абайдан асатын ешкім жоқ, одан кейін қолға қалам алудың өзі ұят»,- деп толқыған екен. Абайдың Абайлығы оның «Патша Құдай сиындым, тура баста Өзіңе» деп бір Алладан медет сұрап, бар ісін Соған тапсыра қолына қалам алуында жатыр. Ол Құранды тікелей оқып нәр алған, Иассауи ілімін қазақ жыраулары негізінде терең меңгерген, шығыс шайрлары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхалилерді түп нұсқада оқып, нәрін бойына сіңірген. Өркениеттер ағысын орыс көзімен оқып білді. Абай жәй оқыған жоқ, оқығанын көкейіне тоқып, хәлібінің(жүрегінің) сүзгісінен өткізіп синтездеп, туған еліне өлмес шығарма етіп ұсынды. Қазақтың бас ақыны, қазақ көсем сөзшісі «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»деп елді бірлікке шақырып, үлкен болашаққа бастады. «Құдай бір Құран шын, Құдайдың Өзі де рас, Сөзі де рас» деп өзіңді жаратқан Алланы тануға үндеді. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түссе сәулесі, іштегі кірі қашырса, адамның хикмет кеудесі»деп, адам айналасына, боллмаса өзінің денесіне бір сәт ақыл көзімен емес, жүрек көзімен қараса шіркін, іштегі кірі, күдік-күмні кетіп, Құдірет иесін таныр еді. Сонда ғана Жаратушының нұры түседі, бар күнадан пәктенеді, сол кезде адам нағыз адамға айналады деп өзінің «толық адам» идеясын ортаға салады. 

Алаштықтар Абайдың «толық адамдары» болды. ХХ ғасырдың басында ұлт рухы Алаш көсемі Әлихан Бөкейханың бойынан және оның жанындағы тау тұлғалардан көрінді. Жәдитшілдік Алаш көсемдерінің қазақ мемлекетін құру идеясына тың серпін берді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев бастаған Алаш зиялылары Қазан, Орынбор, Омбы, Уфа сияқты қалаларда оқыды. Онда атақты В.В Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, Ш.Маржани, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, С.Гаспарински сияқты ғұламалар дәріс берді. Олар Алла дінде жасырған математика, химия, физика, жаратылыстану, қоғамтану, жағрапия тағы басқа пәндерді Құранмен хадистен іздеуді ұсынды. 

Олар “өзінің дінін, тілін, елін білгендер ғана орысша оқыса - ол жақсы. Оны білмегендер орысша оқыса одан еш қайыр жоқ”- деген жолды ұстанды. 

Ішімен(батыни) сырты(заһри) бірдей қазақ даласының рухани таулары болып қалыптасты. Алаштықтардың “іші Хақпен, сырты халықпен болды”. Көргеннен терең ой түйіп, ақылмен, ғылыммен танып, жүрекпен сезді.  

Алаш зиялылары жәдитшілдік жолды мықты ұстанды. Олар «Әр қазақ қызының бас жасауына Абайдың өлеңдер жинағын беретін болсын»,- деп үндеу жасап, Абай өлеңдерін баспадан шығарып елге таратты. Демек, бұдан Алаш арыстары ұлт ақылманы өздеріне рухани ұстаз тұтқанын аңғарамыз. Алаш зиялылары «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен «Қазақ», «Қазақстан» гәзеттерін шығарып ұлт, дін мәселесін көтеріп орыстандыру мен миссонерлік саясаттың жымысқы әрекетін әшкерелеп халқына көз һам құлақ болды. 

Қазақ неге ел болмайды? Алаш ұлыстары неге сонша артта қалды? Деп қатты толғанды. Елдік сананы оятуға барын салды. Ғылым Алланың бір сипаты біз ғылымның сырын аша алсақ, қуатты елге айналамыз деп қам жеді... 

Алаштықтардың молдасы Ғұмар Қараш «Құран ақиретке дейінгі бізге берген бағдаршам. Ол әр сәт сайын бізге тура жол нұсқайды, бірақ біз соны өзіміз түсін алмай, оны түсінетін ғалым-ғұламаларды тыңдамай “релістен” шыққан от арбаның күйінде жүрміз» деп ағартушылық бағытта көп кітаптар жазды. 

Әуелде, адам Алла алдындағы құлдық парызын білу, сосын адамдық санатқа көтеріледі, одан кейін ғана Алаштық, азамттық сана пайда болады деп білді. 

Елінің сол кездегі болмысына қарап, күлілі нәрсенің жауы надандық екенін шынайы сезінді. Өзі білмейді, білгенінің тілін алмайтын өз туыстарына, қазағына жаны ашыды.  “Білім алу жолы мал аяитын жол емес” “қазақты не қорқытып не паралап баласын білімге бер” деген Абай сөздерін ұстанып, ағартушылық жұмыстар жүргізді. Ауыл, ауылды аралап, мектеп ашып, күн-түн кітап жазды, гәзет-журнал шығарды. Алаштықтар өз армандарына- арымен, ғылымен, жігермен, жастық жалынмен келді. Олар шетінен өз ортасының қара көк тұқымынан шыққан мықты да бауқатты әулеттің бегзадалары еді. 

Алаш көсемдері рухани сұраныстарға жауап іздеген данышпандар, олар материялдық қажеттен жоғары тұрған заңғарлар. Сосын да жердегі ит өмірден биік тұрып елдің, алаштық қамын жеді, тек бір Алланың ризалығы үшін тірлік жасап жүректері лүпілдеп соқты...

Алаштқтар кез келген нәрсенің екі бетін, пайдалы нәрсенің де зияны, зиянды нәрсенің де пайдасы болатыны біле тұра бастарын бәйгіге тікті. Ел үшін өзінде бармен еңбек етті. Олар тікеннен гүлді, гүлден тікенді алуға тырысты. Сол үшін де бастағы екі көзбен емес, көкіректегі бес көзбен жұмыс істеді. Тәннің емес жанның қажеті үшін өмір сүрді. Жаңдарына тәндерін бағындырды. 

Алаш орданың көсемдері «Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрағы болары хақ» деп, Алаш көсемдері түн ұйқысын төрт бөліп елді ойлады. Ел алдындағы парызы мен қарызын толық өтеді.

Әманда, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!!! Қазақ мәңгілік ұлт!!!

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

5 пікір