Жұма, 26 Сәуір 2024
3091 1 пікір 5 Маусым, 2020 сағат 17:56

Алматы облысының әкімдігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен меморандумға қол қойды

«Білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен ҚазҰУ жаңа білім беру технологиялары институты арасында қол қойылған келісім аясында жүзеге аспақ»,- деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».

Жыл басында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры әл-Фараби Ғалымқайыр Мұтановпен іскерлік кездесу болып, барысында білім беру және қазіргі заманғы ғылыми технологиялардың өзара әрекеттестігі мәселелері қарастырылған-тын.

Ынтымақтастық келісімі Қазақстандағы белді ЖОО жетекшілігімен қолға алынып отыр.

«Бұл келісімшарт екі тараптың да мамандарына алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ, адами капиталға үлес қосуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті жаңа білім беру технологиялары институтының директоры Әсел Мусинова.

ҚазҰУ келісімде айтылған бағдарламалардың бірі – «Coursera» ауқымды онлайн білім беру платформасы.

«Coursera – бағдарламасы онлайн білім беруде соңғы жылдары жоғары рейтингке ие болған. Негізін Стэнфорд университетінің компьютерлік ғылымдар саласының профессорлары Эндрю Ын және Дафной Келлер қалаған. Бұл бағдарламаның аясында білім беру материалдарын тегін онлайн-курс түрінде интернетте жариялауға болады» - дейді ҚазҰУ ахуалдық басқару орталығы директорының орынбасары.

Осылайша, әкімдік ішкі саясат басқармасы мен оның ведомство-аралық ұйымдарының қызметкерлерін қолда бар дағдылармен кемелдендіруге ниет білдірді.

Екі жақта та Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік, жетекші ЖОО стратегиялық әріптестікті дамыту туралы айтқан мемлекеттік саясатын ұстанып отырғанын атап өткен жөн. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алидың айтуынша, екі жақта білімнің сапасы мен оның нәтижесіне үлкен көңіл бөлуде.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұзақ жолдың негізі –  ғылым мен білім. Өйткені, халықтың жоғары білім деңгейі кез келген елдің бәсекеге қабілетті артықшылығы болып табылады»,– деді басқарма басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, «Coursera» жобасы  әртүрлі білім салалары бойынша курстар жариялап, жүйеге кіргізетін университеттермен серіктестік жүргізеді. Онлайн білім аясында, тыңдаушылар курстан өтіп, «Coursera» сайтында тесттер мен емтихандарды тапсырады. Айта кету керек, 2017 жылдың ақпан айында «Coursera» 24 миллион пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде, 160 мамандандыру, 149 білім беру мекемелері де бар. Бұл бағдарлама қызметтің барлық қажетті салалары бойынша халықаралық сертификаттар алуға мүмкіндік береді және бәсекеге қабілетті арттыруға көмектеседі.

Айта кетейік, жуырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру мәселесіне баса мән берілген болатын. Онда Қ.Тоқаев алдағы уақытта білім саласына үлкен мән берілетінін айтты.

Аталған кеңесте ғылым саласын жетілдіру мақсатында мемлекеттен бөлінетін гранттар саны 3 есеге артатыны айтылған. Жыл сайын 100 ғалым шетелдік тәжірибеден өтуі керек. Ауыл мен қала мектептерінің ахуалын теңестіріп, техникалық мүмкіндігін жүйелеу де маңызды. Әсіресе, елдімекендерде шығармашылық орталықтар санын көбейту тапсырылды. Үш ауысымда білім беруді тоқтатып, алдағы 4 жылда 650 000 орындық 800 мектеп салынады.

Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ЖОО-лардағы білім беру жүйесінің кемшіліктеріне де тоқталды.

-Дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Мұның бірнеше себебі бар.Соның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі.

Әрине, бұл қосымша инвестицияны талап етеді.Осыған орай біз білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық.

Яғни, грант құны 3 есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. 

Бұл – маңызды қадам.Өйткені грант құны 2011 жылдан бері өскен жоқ.Еліміздің 10 жоғары оқу орны әлемнің үздік 500 университетінің қатарына қосылуы керек.

Жоғары білім беру сапасының негізгі көрсеткішінің бірі – осы.Бұл межеге 2025 жылы жетуіміз қажет,- деген болатын.

Сондай-ақ, 2025 жылға дейін білім саласын қаржыландыру 6 есеге, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есеге артады.

Тағы бір жағымды жаңалық - жоғары оқу орындары ұстаздарының жалақысы артатыны да сөз болды.

Бұл туралы Президент:

- Біз білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық. Яғни грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл – маңызды қадам,- деді

Айман Асыл

Abai.kz

1 пікір