Жұма, 19 Сәуір 2024
3473 15 пікір 5 Маусым, 2020 сағат 13:11

Алматыда жаңа мешіт салынады

Алматының Алатау ауданында 7 мың адамға арналған мешіт салынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Сағынтаевтың айтуынша, діни ғимарат жеке инвесторлардың қаражатына салынады.

«Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді. Мешіт бір мезгілде жеті мың мұсылманды қабылдай алады. Қаладағы ең үлкен діни ғимарат ағарту һәм рухани жер ғана емес, мегаполистің архитектуралық маржандары арасында да лайықты орынға ие болады»,- деп жазды қала әкімі.

Abai.kz

15 пікір