Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2670 1 пікір 5 Маусым, 2020 сағат 12:27

Мемлекеттік кірістер басқармасының хабарламасы

«Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-ші қадамымен Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшуі көзделгенін хабарлайды.

2019 жылдың 03 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бірінші кезеңде – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде -2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы);

Үшінші кезеңде -2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы (зайыбы), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы (зайыбы);

Төртінші кезеңде -2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары тапсырады.

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша

Мемелекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімі.

Abai.kz

1 пікір