Сенбі, 20 Сәуір 2024
3156 0 пікір 4 Маусым, 2020 сағат 10:49

Үш облыста карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында карантин ережелері күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. 

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, шетелдегі ҚР азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті.

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды», — деді Е. Тоғжанов.

Abai.kz

0 пікір