Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 4735 15 пікір 2 Маусым, 2020 сағат 16:25

Байқоңырдың болашағы бар ма?

Масктың зымыраны

«Әп, бәрекелді, Маск!» Кешелі-бері желідегі жұрттың аузындағы сөз осы. Бізде ғана емес, бүкіл әлемде. 30 мамырда АҚШ, онда да Илон Масктің «SpaceX» корпорациясы ғарышқа адам ұшырды. Ресейден емес, өз жерінен. АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Канаверал ғарыш айлағынан. «Фалькон-9» зымыраны «Crew Dragon» кемесімен екі америкалық ғарышкерді алып ұшқан. Кеше, 31 мамыр күні олар Халықаралық ғарыш станциясына жетіпті.

Маск пен Рогозиннің «сөз қағысы»

Илон Маск по-русски ответил Рогозину - Газета.Ru | Новости

Бұл – 2011 жылы АҚШ-тың «Space Shuttle» бағдарламасы тоқтаған тоғыз жылдан бергі өз алдына ұшырған алғашқы зымыраны екен. Әйтпесе, 9 жыл бойы орыстың «Союзына» мінгесіп ұшып жүріпті.

Кеше Илон Маск өз зымыранын ұшырған соң, орыстың бұрынғы кіші премьері Дмитрий Рогозиннің алты жыл бұрын айтқан «кекесініне» жауап беріпті. Түсінікті болу үшін рет-ретімен жазайық...

2014 жыл. АҚШ Ресейге, онда да Ресейдің ғарыш саласына қарсы санкция салмақ болғанда, осы Рогозин деген дәу: «Байқаңдар, ғарышкерлеріңді «батутпен» ұшырып жүрмеңдер!», деп лепірген екен. Ол кезде Рогозин орыстың космонавтика саласын басқаратын вице-премьер.

Ал кеше Маск Рогозиннің сол сөзіне араға алты жыл салып жауап беріпті. «Батут та» жарайды екен», депті (Илон Маск пошутил: «Батут работает»).

Масктың осы жауабынан соң, Рогозин де қарап қалсын ба, бірдеңе деу керек. Содан, «сасқан үйрек артымен жүзедінің» керін келтіріпті.

«Шынымен, 2014 жылы біздің ғарыш саласына санкция салыну қаупі болды. Мен, осылайша оларды ескерттім. Бұл өз жемісін берді. Бұл әзіл емес, шынымен қорқыту болды. Және оны естіді», - депті Рогозин. Депті де, NASA директоры Джим Брайденстайнды құттықтапты.

АҚШ пен Ресейдің арасындағы бұл «айтыс» Маск пен Рогозиннен басталған жоқ қой, білеміз. Әуелі АҚШ пен КСРО, сосын Ресей арасындағы бәсеке сонау 1957 жылдан бері қарай есептеледі. Ғарышты игеру үшін, ғарыш саласында «супердержава» атану үшін ит, маймыл, тасбақа, адам, жасанды жерсеріктері т.б. ұшырудан басталған жарыстың жалғасы кешегі Маск пен Рогозиндердің «айтысымен» аяқталып тұр, әзірге.

2011 жылдың шілдесінде «Space Shuttle» бағдарламасы тоқтаған соң, NASA-да оны алмастыратын басқа бағдарлама болмапты. Енді, бар. Тіпті, 2021 жылдың аяғына дейін «Boeing» корпорациясы да «Starliner» кемесін әзірлеп шығармақ екен. Сөйтіп, су жаңа екі ғарыш кемесіне ие болатын АҚШ Ресейдің алдын орамақ көрінеді.

Ресей монополиядан айырылды

В NASA ответили на претензии по поводу приглашения Рогозина в США

NASA астронавтары Ресейдің «Союзына» мінгесуге мәжбүр болғаннан бері Ресей бірте-бірте монополист атана бастаған. АҚШ шаттлдары Ресейдің «Мир» ғарыш станциясына ұшып баратын. Ал олардың қатырына міндетті түрде бір орыс ғарышкері қосылып ұшып жүрген. 2000 жылдан бері NASA астронавтары біздің Байқоңырдан ұша бастады. Ал 2003 жылы «Columbia» ғарыш кемесі апатқа ұшыраған соң, Ресей ғарышқа экипаж тасымалдайтын жалғыз ел атанған. Кешегі Масктің зымыраны бұл статусты да жойды. Тақырыптық шолу. Міне, қараңыз:

«Прощание с «Роскосмосом». Как Илон Маск похоронил госкорпорацию с помощью одной ракеты»,

«Россия потеряла монополию на полеты к МКС - что дальше?»,

«Окончательная победа США: как Россия безнадежно отстала от Америки в космической гонке»,

«Новая эра. Почему корабль SpaceX полетел в космос, несмотря на коронавирус»,

«США пригласили Россию на Луну»,

«Ха-ха, сэр»: почему Маск победил Рогозина»,

«Илон Маск запустил пилотируемый корабль: какое будущее ждет Байконур»...

Байқоңырдың болашағы не болмақ?

Қазақстан Ресейдің ұсынысын қабылдады: Екінші «Байқоңыр» салына ма?

Сонымен, 250 мың адам жұмыс істейтін Ресейдің бүкіл ғарыш саласының жасағанын 8 мың адамы бар «Space-X» жасап шықты. Ал анау бір мақалада «sputniknews.kz» сайты: «Байқоңырдың болашағы не болмақ», деп алаңдапты. Біз атайық онда...

2050 жылға дейін қош бол, Байқоңыр!

2018 жыл. Ресей жалға алып отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру мерзімі ұзартылған. Енді 2050 жылға дейін «Байқоңыр» ғарыш айлағы Ресейдің меншігінде болмақ.

Бұл туралы да жаңағы Рогозин айтқан. Қашан айтқан? Қайда айтқан? 2018 жылы Мәскеу облысында, «Армия-2018» дейтін халықаралық форумда айтқан!

Экономикасы есеңгіреп, өндірісі өлімші болған Путиннің қару-жарақтан несі бар басқа? «Байқоңыры» бар. Геосаяси жағынан «Байқоңыр» Қазақстан территориясына кіреді. Ал оны жалға алып отырған - Ресей. Жоғарыда айттық. 2050 жылға дейін ұзартқан. «Байқоңырда» ҚР Заңы жүрмейтіні, ондағы жұрттың Ресей рубльімен сауда жасап, мектептерінде «Президентіміз Путин» деп оқытылатыны осыған дейін талай мәрте жазылды. Сол кезде Көшербаев «көкелерін танытамын» деп барып, ақырында 6 мектепті ҚР БжҒМ программасымен оқытатын етіп қайтқан еді. Бұл да сол екі жыл бұрынғы ақпарат. Қысқасы, «Байқоңырда» Ресей Заңы үстемдік құрып тұр.

Тақырыптан сәл ауытқыдық. Ғарыш айлағына оралайық. Сонымен, «Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресей 2050-ге дейін жалдайды. Зымырандарын ұшырады. Сынақтарын жүргізеді. Сол үшін ақы төлейді. Былай қарасаңыз, «онда тұрған не бар» дерсіз. Бар. Білмесеңіз, білдірейік.

Роскосмостың» Байқоңырда қалдық көметіні қоғамды алаңдатты ...

2015-2016 жылдар арасында ескі үкімет Байқоңырдың тағдырын табанға басқандай тоз-тозын шығарды. 

- Бұрынғы министр, қазіргі депутат Владимир Божко «Протон» апатынан Байқоңыр халқының ешқандай зардап шекпегенін айтты.

- Қостанай облысы мен Ақтөбе облысынан зымыран қалдықтарын құлатуға 63 мың гектар жер беретін болды.

- Біздің Байқоңырдан біздің ғарышкеріміз Айдын Айымбетовты ғарышқа ұшырдық. Ол үшін 20 миллиард тағы бердік, Ресейге.

- 10 млн. гектарға тең қазақ жерін сынақ алаңына айналдырғаны үшін ресейліктер елімізге небары 27 млн. доллар төлейді деген. Рас, оның да аяғы немен біткені белгісіз...

- 32  мәрте «Протон» зымыраны құлады (2018 жылғы дерек).

Упавшая близ Жезказгана часть ракеты не содержит смертельный ...

Пратон құлады дедік қой. 1967 жылдан бері 404 Протон тасығыш-зымыраны ғарышқа ұшырылған болса, соның 49-ының жолы болмапты. Кейбір деректерге қарасақ, сол 49-дың 32-сі қазақ жеріне құлаған. Ал Байқоңырды жалға алып отырған Ресей жылына жалпұлына 115 миллион доллар ғана төлейді екен. Жалға сонау 1994 жылы берілген.

Сөйткен Байқоңыр ғарыш айлағының құрылған күні – бүгін! 65 жыл! Әлемдегі ең бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы 1955 жылдың 2 маусымында негізі қаланған. Байқоңыр ғарыш айлағынан 7 типтегі зымыран тасығыштар ұшырылған екен. Қазір «Союз» және «Протон-М» зымыран тасығыштары ұшырылып жүр. 2015-2019 жылдар аралығында барлығы 62 зымыран ұшқан екен. Биылғы жыл соңына дейін 7 зымырын ұшыру жоспарланыпты.

Түйін. Сонымен, Маск дайындап ұшырған зымыран Роскосмосты рас әбігерге салды. Масктың жаңа «Crew Dragon-ы» орыстың ескі «Союз-ын» бірте-бірте ығыстырып шығарады деп жатыр. Енді АҚШ-та ғарышқа экипаж таситын болады және құны Ресейдікінен әлдеқайда арзан. Сондықтан, Рогозиндердің шамданатынындай-ақ бар...

Хош! Біз қайтпекпіз? Роскосмос беретін 115 миллионға мәз болып отыра береміз бе? Әлде ғылыми-техникалық интеграцияның өзге де жолдарын іздейміз бе? Сіз не дейсіз?

Нұргелді Әбдіғаниұлы 

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530