Жексенбі, 5 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Қоғам 1965 10 пікір 2 Маусым, 2020 сағат 12:16

Орыс тілді БАҚ-тағы қазақтың «достары» мен «жаулары»

Ана тілінде сөйлейтін титулды ұлттың және қазақ тілін ана тілім деп санайтын өзге ұлт өкілдерінің санның өсуі мен саясатқа араласа бастауы Қазақ еліндегі орыс тілді БАҚ құралдарындадағы журналистерді бір-біріне қаны қас әм бітіспейтін екі лагерге бөлді. Оның біріншісі елдегі қазақтану процесіне оң көзбен қарайтын мамандығын бәрінен жоғары қоятын этникалық орыс және қазақтардан тұратын қазақстандық орыс журналистикасы. Екіншілері болса, АҚШ, ЕО және РФ түрлі гранттары, түрлі қаржылық қолдауына сүйеніп, «Қазақ ұлты мен тілінің болшағы жоқ» деген мифке өз қожайындарын сендірушілер. Ресей Думасына, Еуропа Кеңесіне, АҚШ Өкілдер палатасына Қазақстанға демографиялық қазақи бэби бумды тарс естерінен шығарып, Жаңа Президенттің келуімен бүкіл елде этникалық тазалау жүріп жатыр деген мұң шағып нәпақа тауып жүрген де жайлары бар. 

Әрі ресейшіл ҚР басылымдарда «латын жазуына көшу қазақ тілінің басынан бағын тайдырады» деп қара аспанды төндірушілік орын алып келеді. Қазақ тілді БАҚ өздерінен артық қаржымен қаржыландыруына еш көнгілері келмейді. Орыс тілінің дәурені медиакеңістікте әзірше жүріп тұрған шақта кәсіпкерлік жолмен ақша табуға құлық танытпай, болашағы зор қазақ тілді журналистиканың аяғынан шалып, тек олар ғана емуге тиіс мемлекеттің емшегін қосанжарласа түртпектеп емулерін еш қойғылары келмейді. 

Керісінше, өз тағдырын қазақ елімен байланыстырған орыс журналистикасы орыс тілінің кеңінен қолдануының берісі – 25 арысы – 35 жылдық өмірі қалғандығын алға тартады. Журналист Денис Кривошеев өзінің ел тұрғыны әм этникалық орыс ретінде пайымдауларын РФ жұртшылығына танытып нағыз азаматтық жасап жүр. Енді соларға рет-ретімен кезек берейік. 

Тіл барлық бұрынғы ұлттық республикалардағы тұмсықты тасқа тірейтін жалпыға ортақ проблема. Қазастан бұрынғы Қызыл Ресей отарлары ішінде өз бойын орын ітіліне ала қашқан елге алғаш рет айналып отырған жайы бар. Ұлт республикасы атанғаннан кейін онда өз тілі бар титулды ұлт өмір сүреді. Алысқа бармай бүгінгі Путиндік Ресей құрамындағы ұлттық республикаларды мысалға алсақ та жеткілікті. Бұл бірінші кезекте ұлттық өз бірегейлі мен мәдени болмыс бітімін өзін өзгеге танытуының құқығы. Өз елінде, өз жерінде өз ана тілінде сөйлеп, мемлекеттік органдарда әм өмірдің түрлі саласында кеңінен қолдануы. 

Орыс тіліне мәртебе берілмей-ақ, ол заңдық негізде өз тұтынушысына Қазақ елінде тең құқылы азамат ретінде өзін сезіне білуге мүмкіндік береді. Бұдан айқай-шу шығарудың еш негізі жоқ. 

Қазақстан Ресейге іш тартып тұратын аз ғана елдердің бірі болып табылады. Қос алып империяның қыспағында қалған қазақ елі әрі - орыс, әрі - қытай ықпалымен күресуге мәжбүр. Өйткені, энтикалық қазақтар кезінде осы империялар тартып алған өз туған жерлерінде тұрып жатыр. Және Орыс аюына қарағанда жер, этникалық қазақтар жағдайы, инвестиция, кәсіпорындар жұмысы, бизнес жүргізу, экономикалық қысым жасау жағынан Қытай айдаһарынан қатты секемденеді. Әрі Қазақстан РФ өз тарихы өз аймағы бар көпұлтты емес, отарлау дәуірінде қазақ жеріне қоныстанған 10 шақты ғана алды миллион арты 100-50 көлеміндегі көп диаспоралы мемлекет. 2020 жылдан бастап орыстан басқа шоғырлана қоныстанған дисапораларды "шаңыраққа қара деп айтқызып" , тілімізді білмесең өзге жерден қоныс ізде деп тәубаларына келтіру науқанын бастап кетті. Және қазақ бизнесінің экономикалық мүддесімен үйлеспеген белгілі бір сауда-саттық саласында бәскелес болған дұңғандар қазақ жұдырығының дәмін татты. Ал, Солтүстік-Шығыстағы орыстарға қарсы қазақты халық саны аз жергелерге қоныстандыру арқылы ұтып отыр. Қазақ билігі қазақ тілді көпшіліктің көңілін табу үшін "бұрынғы қазақстандық ұлт" саналғандарды орыс және орыс тілділер деп екіге бөліп, бірін бейбіт жолмен - жеңіл қазақтандыру, екіншісін - күш көрсетумен ауыр қазақтандыру жолына түсе бастады. 

Орыс билігін алаңдатып отырған жай, қазақ ұлтшылдарының милети проблемаларды жиі әрі орынды көтере бастауы. Бұл әрине өз жерінде қазақ тілділердің санының 80 пайызға жетуіне байланысты үлес салмағы 20 пайызға да жетпейтін орыстілді азшылықты құрып кетуден сақтанудың байбаламын көтеруге түрткі бола түсетіні анық. саны көп қазақ тілділерді өз жағына тарту үшін бұрынғы Әбілязов және бұрын орыс тілді қазақсандықтарды ғана соңынан ертіп келген елішілік орыс тілді оппозиция тарапынан  жаңа қадамдар жасала бастады. Бұрын бұрын мүлдем сөз етілмейтін әм бұлай болады деп ешкім де кәперіне алмайтын. 

Бұрынғы "қазақстан халқы" атты дүдәмал идеология мен иек сүйеп келген билік тек, тұңғыш рет ұлттық мемлекет құру бағыт жөн көре бастады. Назарбаев қазақ ұлты 6 миллион орыс ұлты да 6 миллион болған кезде билікке келіп, орыс ұлтты - 3 миллион, қазақ ұлты 13 миллион болған кезде биліктен кетті неге? Өйткені, бұрынғы орыс тілді көпшілік кезінде түзілген "Әуелі экономика, кейін саясат" концепциясы өзін ақтады. Енді оның орын қазақ тілді қазақ тілді көпшіліктің көбілін табуға тиіс "Әуелі саясат, одан кейін экономика" концепциясы басып, Ел Президенті бүкіл Орталық Азияның тауар тасымалы өз жері арқылы өтетіндіктендіктен Ресей жанын сала қалайтын Еуразиялық Одақты Қазақстанға еш пайдасы тимесе мүлдем қажет етпейтінін ашық таныта бастады. 

Орыс проблемасы да саяси ұпай жинағысы келгендер тарапынан қолдан туындатылып отыр. Назарбаев билігінің бас кезінде кезінде елдің 40 пайызын құраған орыстарды қазақтар көзге шұқып қуған жоқ, олар өз еріктерімен үйлерін әм бизнестерін сатып РФ кетті. Әрі осы 40 пайыздың мүддесі үшін Елбасы ұлттық мемлекет құруды табандай 30 жылға шегеріп, титулды ұлтты ақылға шақыра отырып, қазақстандық орыстар үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Енді орыстар 17 пайыз азшылыққа айналған тұста билікке келген екінші Президент кімге арқа сүйейді 17 пайыз орысқа ма, әлде 70 пайыз титулды ұлтқа ма? 

Бұрын қазақтың ұлттық мүддесіне құлақ аспай келген ел билігі енді онымен санаса бастады. Бірте-бірте көпұлттылық концепциясынан бас тартып, ұлттық мемлекет құру жолына түсті. 

Кезінде Елбасы мұрындық болған Еуроазиялық одақ саясаттана түсті. КСРО кезінен біилеп төсеп қалған Путиндік Ресей ел тәуелсіздігіне нұқсан келетін ауыр талаптар қоя бастады. Осы Одақтың іргетасын қалауышының жолын жалғастырушы жаңа Қазақ Президенті орынсыз талап етулерге қазақ тілді көпшіліктің мүддесін алға тартты. Халық бұған қарсы деген сөз ашық айтылатын болды. 

Және қазақстандық орыстар да кейбір өңірде жергілікті қазақтан үлес салмағы көп болса да, кеңестік дәуірдегідей қазақтарды көзге шұқып "Біз аға ұлтпыз" дегенді айта алмайды. Өзінің қазақ жерінде, өзге діни-мәдени әм ділідік ортада тарихи отанынан жырақта өмір сүріп жатқанын әбден ұғынды. Ұнмаса көшіп кетуден басқа амалы болмайтынын бек сезінетін болды.

Ал Ресейдің өзі де Қазақстанның қазақтана бастауымен санасып, бұрынғы "үлкен ағалық" даңғойлықтан арылып, өз мәдениеті, өз тілі әм өз руханияты бар ұлтпен жаңа  тұрпаттағы аралас-құраластық моделін өмірге әкелуге тиіс. Қазақты бауырым деп атау үшін "үлкен ағалықты" ендігі жерде мол қаржы шығарып сатып алуға тиіссің.

РФ қанатының астына алып қорғамақшы болған этникалық орыстарға қазақстандық қазақ тілділер өз ана тілінен бөлек 3-4 тілді меңгергендер ендігі жерде жалғыз ғана орыс тілінде сөйлейтіндерді кемісітіп жатыр деп ТМД мен Әлемге ресейлік БАҚ бетерінде жар салу, Қазақстанды мұқату опа әпермейтін тірлік.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

10 пікір