Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2839 0 пікір 2 Маусым, 2020 сағат 11:07

Өзбекстан: Қырғыз-өзбек шекарасындағы жанжал жергілікті көрініс

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі 31 мамырда Қырғызстанмен шекаралас Чашма ауылындағы жағдайды "жергілікті сипаттағы қақтығыс" деп атады. Бұл жөнінде мекеменің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Мекеме екі ел азаматтарының да зардап шеккенін мойындайды. Оларға медициналық көмек көрсетілгені айтылған.

Сонымен бірге екі елдің шекаралас облыстарының басшылары жағдайды бақылауға алған. Тараптар бір-бірінің келісімінсіз тазалау жұмысын жүргізбейтін болып келісті.

«Чашма» («Чечме») бұлағы сол маңдағы Өзбекстан және Қырғызстан тұрғындарын ауызсумен және егістікті суғарумен қамтамасыз етеді.

1 маусымда Баткен облысында Қырғызстанның вице-премьер-министрі Кубатбек Боронов пен Өзбекстанның үкімет басшысы Абдулла Ариповпен кездесті.

Тараптар жақын уақытта экономикалық ынтымақтастық жөнінде үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге келісті.

31 мамырда қырғыздың Чечме ауылы мен өзбекстандық Сох анклавындағы Чашма ауылының тұрғындары жанжалдасқан. Ресми мәлімет бойынша, Чечме бұлағын тазалауға шыққан тұрғындар оның кімге тиесілі екені туралы дауласып, соның арты жанжалға ұласқан.

Abai.kz

0 пікір