Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3564 0 пікір 1 Маусым, 2020 сағат 13:05

Азық-түлік бағасы қанша пайызға қымбаттады?

Қазақстанда карантин кезінде азық-түлік бағасы қымбаттады. Бұл туралы LS сайты жазды.

Ең көп өсім жемістер мен көкөністердің бағасында байқалады. Атап айтқанда, картоп, пияз, сәбіз, алма және лимонның бағасы көтерілген. Мәселен, екі айда пияз 28% қымбаттапты. Ал, керісінше қияр мен қызанақ арзандаған.

Сондай-ақ, нан, ұн, кеспе, қарақұмық, қой еті, қант және басқа да өнімдердің бағасы көтерілген.

Сонымен, Қазақстандағы азық-түліктің орташа бағасы және олардың 20 наурыздан 20 мамырға дейінгі өзгерістері мынадай:

Нан және жоғары сортты ұн бағасы - 284,3 теңгеден 2,6%-ға

Жоғары сортты ұн - 215,1 теңгеден 5,4%-ға

Лапша - 661 теңгеден 3,1%-ға

Жұмыртқа, 10 тал - 296,7 теңгеден 0,4%-ға

Күріш - 372,8 теңгеден 0,2%-ға

Қарақұмық - 356,4 теңгеден 6,8%-ға

Пастерленген сүт - 261,5 теңгеден 1,3%-ға

Айран, 1 литр - 306,1 теңгеден 1,3%-ға

Сары май - 2 544,1 теңгеден 2,8%-ға

Күнбағыс майы, 1 литр - 435,6 теңгеден 0,4%-ға

Сиыр еті - 1 894,2 теңгеден 1,9%-ға

Қой еті - 1 870,8 теңгеден 6%-ға

Тауық еті - 920,6 теңгеден 1%-ға

Құмшекер - 211,4 теңгеден 5,7%-ға

Картоп - 132,9 теңгеден 18,7%-ға

Пияз - 117,2 теңгеден 28%-ға

Сәбіз - 128,8 теңгеден 18,3%-ға

Алма - 516,4 теңгеден 23,8%-ға

Лимон - 1 129,9 теңгеден 23,5%-ға қымбаттаған.

Ал, капуста - 80,8 теңгеден 29,6-ға

Қияр - 467,5 теңгеден 33,4%-ға

Қызанақ - 607,3 теңгеден 13,4%-ға арзандаған

Бұған дейін, сәуір айының аяғында азық-түлік өнімдері бір жыл ішінде 10,4% -ға қымбаттағаны туралы айтылған болатын.

Abai.kz

0 пікір