Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3529 0 пікір 30 Мамыр, 2020 сағат 11:28

1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңды өзгерту керек!

Президент Қ.К.Тоқаев саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтайтын комиссия құруды ұсыныпты. Менің екі жылдан бері айтып келе жатқан ұсынысым:
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңды өзгерту керек. Оның 6-бабы, әсіресе в) тармағы отаршы Совет үкіметін қорғайды.

а) шетелге қашып немесе ұшып кетуден басқа Отанды сатудың барлық формалары; қарулы көтерiлiс немесе қарулы бандылар құрамында Республика аумағына революцияға қарсы мақсатта басып кiру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа да күш көрсету әрекеттерiне; тiмiскiлiк, терроризм актісі, бүлдiру әрекеттерiне қатысу;

б) жай халық пен әскери тұтқын­дарға қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына басқыншылар мен Отанын сатқандарға деп берушiлiк;

в) қарулы бандыларды ұйымдастыру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу әрекеттерiне қатысу.

Міне, осындай шым-шытырық. Аштан өлмеу үшін қолына қару алған азаматтар неге "банды" болуы керек, "революцияға қарсы" деген не сөз? Бұған салсақ 1916-32 жылдары көтеріліс жасаған қазақтың бәрі бандит. Комиссия осыны ескерсе.

Серік Әбікенұлының желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594