Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3384 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 05:21

Өскемендегі этноауылда ұлттар мен ұлыстардың басы қосылған

Өткен жылы облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен елімізде бірінші болып Өскеменде «Этноауыл» деп аталатын өзгеше ауыл бой көтерген-ді. Ертістің сол жағалауын ен жайлап, татулық пен ынтымақтың түтінін түтеткен бұл елді мекеннің ерекшелігі сол - мұнда қазақ пен орыстан бастап, кәрісті де, немісті де, шешенді де, татарды да, ұйғырды да, қысқасы өңірімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерін кездестіресіз.

Кездестіріп қана қоймай, аталған этнос-тардың салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат беретін байырғы баспаналарына бас сұғып, тамашалайсыз. Жалпы аумағы ат шаптырым жерді (7 гектарды) алып жатқан, сонау XIX-XX ғасырлардан сыр шертетін қоныстар ансамблінің құрамында 11 ұлт өкілінің ерте заманда тұрақтаған үй-жайлары орналасқан. Бір айдың ішінде хас шеберлердің қолымен тұрғызылған сәнді де мәнді ауылды былтыр Шығысқа жасаған сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аралап көріп, оң бағасын берген-ді. Сондай-ақ, Президент Шығыстағы оң тәжірибені бүкіл елімізге таратуға тапсырма берген болатын. Облыс аймағында тіршілік етуші этностардың ежелден бері жалғасып келе жатқан ата дәстүрін, тұрмыс-салтын насихаттауды мақсат тұтқан этноауылдың әрбір үйінен адамдар өмір сүрген сол кезеңнің көрінісін аңғару қиын емес. Десек те, мұнда жұрттар тұрақты түрде тұрмайды, тек мерекелік күндерде немесе қалаға сыйлы қонақтар келгенде, оқушылар мен студент жас-тар танысуға саяхат жасаған кезде ғана этнокешенде тіршілік қыза түседі.

Бүгінде ашық аспан астында орын тепкен этноауыл мұражайлар қатарына енгізіліп, Өскемендегі этнографиялық қорық-мұражайының қарамағына өткен. Мұражай директоры Николай Зайцевтің айтуынша, мұнда әлі талай қосымша дүниелер салынбақ. Айталық, қоныс ішінен арнайы шеберхана ашу жоспарда бар. Онда әр ұлт өкілі өздеріне тән қолөнер түрімен айналысатын болады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір