Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 7250 6 пікір 29 Мамыр, 2020 сағат 13:38

Біз дамыған емес, әлі де дамушы елміз...

немесе халықаралық стандарттар туралы

БАҚ: "Президент Тоқаев БҰҰ форумында "теңізге шығатын жолы жоқ ДАМУШЫ ("developing" немесе "less developed", "развивающиеся") елдер" тобы атынан сөз сөйледі".

Әрине, "дамушы" елдер қатары да бірдей емес, ала-құла.

Бірақ тұралап қалған топтың атының өзі не тұрады!

Миллиардтаған доллар жұмсап ЭКСПО секілді көрме ұйымдастырғыш, ОБСЕ-ні басқарғыш, әртүрлі саммиттер өткізгіш, жеке банктерді құтқарғыш өкіметке тіпті жараспайтын мәртебе!

Не десе де, осыншама білім мен ғылымға, кәсіп пен бизнеске бейім, талантты, еңбекқор халқы мен жер қойнауында Менделеев таблицасының барлық дерлік элементі бар елдің 30 жыл бойына ресми анықтама бойынша "дамушы" елдер қатарынан шыға алмай жүргені - масқара!

Әйтпесе, "Қазақстан - Орталық Азия аумағының көшбасшысы", "Постсоветтік кеңістікте реформаларды табысты жүзеге асырған ел" деп, бөркімізді аспанға лақтыруымыз қайда қалды?

Үкімет пен "Нұротанның" жыл сайын беретін есептеріндегі жоғары көрсеткіштер мен "ешкімге жеткізбей, қарыштап дамып бара жатқанымыз туралы" алақайлар қайда?! Дамыған елдердің 30-дығына ену ұраны не болды?

Дамушы ел көшбасшы бола ала ма?

Неге соншалықты кенжелеп, әлем көшіне ілесе алмай, осындай "дамушы" халде қалдық?

Жауап біреу: бәріне 30 жыл бойына өз халқына экономикалық және саяси еркіндік бергісі келмеген авторитарлық билік, суперпрезиденттік жүйе кінәлі!

"Дамушы елдер" деген категорияның қатып-семіп қалған анықтамасы жоқ. Соның бірі - іс жүзінде олар ОЭСР секілді іргелі ұйымға мүше бола алмайтын елдерден тұрады.

Ал ол ұйымға кіру критерийлері жалғыз ғана экономикалық даму емес.

Ол үшін демократияның, еркін нарықтық экономиканың, индустриялық дамудың, әлеуметтік бағдарламалар мен адам құқының кепілдіктерінің стандарттарының жоғары болуы шарт

Бізде болса, осы талаптардың бір де бірі сын көтермейді!

Ең бастысы - мемлекет дамыған елдер қатарына қосылу үшін қоғамдық қатынастар дамуы керек. Ал ол қатынастардың өркениетті дамуының бір ғана жолы бар, ол - демократия!

Әміржан Қосанның желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584