Жұма, 19 Сәуір 2024
2621 0 пікір 29 Мамыр, 2020 сағат 12:01

Boeing 737 MAX ұшағын шығару өндірісін қайта іске қосты

Boeing компаниясы жолаушылар тасымалдайтын «Боинг 737 MAX» ұшақтарының өндірісін қайта жандандырды. Бұл үлгідегі ұшақтарды жасап шығару екі апаттан 346 адам қаза болғаннан кейін тоқтатылған.

Ақпаратқа қарағанда, жұмысшылардың қауіпсіздігін арттыру және ұшақ сапасын жақсарту үшін өндіріс баяу жүреді.

Сәуірде компания 737 MAX ұшақтарын жеткізу үшінші тоқсанда, өндірісті қосуға рұқсат алғаннан кейін жүзеге асатынын хабарлаған. Осыған дейін Reuters агенттігі бұл үлгідегі ұшақтардың ұшуына тамыздан кейін ғана рұқсат берілетінін хабарлаған.

737 MAX ұшақтарының ұшуына әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде АҚШ-та 2019 жылы наурызда мораторий енгізілген.

Бұл үлгідегі ұшақ 2018 жылы қазанда Индонезияда, 2019 жылы наурызда Эфиопияда құлап, 346 адам қайтыс болған.

Осы оқиғалардан Boeing 2019 жылы 9 млрд доллар шығынға ұшыраған.

Қазір коронавирус пандемиясынан ұшақтарға сұраныс төмендеп кеткендіктен, компания қызметкерлерінің санын 10 пайызға азайтуға ниеттеніп отыр.

Abai.kz

0 пікір