Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4747 4 пікір 27 Мамыр, 2020 сағат 15:25

Қытайдағы індет қолдан жасалған ба?

Өзімнің осы індеттің таралуына байланысты, негізгі себеп болатын төрт нұсқамды ұсынып отырмын.

1) ТАБИҒИ КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ.

Әрине, табиғи жолмен белгілі бір жәндіктерді пісірмей жеудің салдарынан, адамнан адамға жұғып таралып кетуі бек мүмкін.
Егерде, осылай болған болса, онда қалайша бұл тез арада үлкен эпидемияға айналып кетті? Сондай алпауыт елдің, мұндай вирусты бұған дейін зерттемей, оған қарсы дәрілердің қорын жасақтамай, қамсыз отырулары күмән тудырады. Демек, бұл вирус әбден зерттелген бұған дейін. Тек ол түрі мұншалықты тез таралу қауіпін тудырмайтын болған. Ал, бұл түрі короновирустың бұрынғыларынан ерекше "жетілдірілген" түрі болса керек. Әрі, алғашқыда бұл вирусты теңіз өнімдерінен жұғады деген ақпарат болған. Демек, бұрынғылары солай таралатын болса керек. Кейіннен жарқанаттан таралған деген қортындыға келіп отыр. Демек, бұл ешқандай бұрын кездеспеген жаңа түрі болса керек. Олай болса бұл нұсқа көңілге онша қонымсыздау.

2) ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА ФАРМАЦЕПТИК АЛПАУЫТТАРДЫҢ ІСІ.

Кезінде пайда аяқ астынан пайда болып, кейіннен жоқ болып кеткен Эбола, Құс тымауы сияқты, бұлда бір қарсы дәрілері бар әбден зерттеліп қолдан жасалған вирусты, әлемдік фармацептикалық алпауыттар әдейі қолдан жасап таратып отыр.
Мақсаттары:
а)өздерінің осы ауыруға қарсы дәрілерін үлкен сұраныспен кемінде 2 миллиярд адамға сату.
б) бүткіл әлемнің осы вирусқа қарсы екпелерге деген сұранысын тудыру.
Бұл жағдайда халқы өте тығыз орналасқан қытай мемлекетімен, 10 миллионнан астам халқы бар осы үлкен бизнес қаласы ең қолайлы жер болса керек.
Екі жағдайдада шаш етек пайда табады. Қазіргі бизнестің негізгі ұстанымдарының бастысы қағидасы, өз өнімдеріне сұраныс тудырып отыру. Болмаса, кезінде аяқ астынан пайда болып, әлемге қауіп тудырған "құс тымауымен" эбола-лар қайда кетті?

3) БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУДЫҢ САЛДАРЫ.
Қарсыласын оқ шығармай қырып салудың тиімді тәсілдерінің бірі ретінде, бак.қару қолдану.

4) БІР ЕЛДІҢ ЕКІНШҢ ЕЛГЕ ҚАРСЫ ГИБРИТТІК СОҒЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ҚАДАМЫ.

Бір елдің екінші бір елге қарсы, бірденнен бірнеше бағытта үлкен соққы беруі.

а) Өздерінің бұлардан қаншалықты үстем екендігін көрсету арқылы, қытай үкіметінің сағын сындыру.

б) Халқының арасына дүрбелең сала отырып, үкіметіне қарсы қою.
Яғни, бірденнен бірнеше ошақтары пайда болып, жұқтырған халықтың санының күрт өсуінен, жергілікті биліктің бұндай сәтке дайын болмай, індетті игере алмай шарасыздық танытқанына наразы халықты, олардың басқа өңірлердегі туыстарын қоса, үкіметіне негативті көзқарас тудыра отырып қарсы бағыттау.

в) Осы елдің экономикасын әлсірету.
Қытайдың сауда-саттық, туризім саласымен, ірі өндіріс ошақтарына үлкен соққы беру. Әлемге қытайды індеттің ошағы ретінде көрсете отырып, ол елмен қарым-қатынас жасауға "үрке қарау" синдромын тудыру. Одан туризім саласынада ауыр соққы болары хақ.

г) Қытай мемлекеті бұл індетті игере алмай шарасыз күйге түскен шақта, бір мемлекет қысқа уақытта осы індетке қарсы вакцинамен дәрілер ойлап тауып, қытай мемлекетіне өз тарапынан дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қыруар көмек көрсету арқылы, қытайдың қара халқының алдындада, әлем алдындада үлкен беделге ие болу. Сол беделін кейіннен қытай үкіметіне қарсы қолдану.

д) Осы індетті дүние жүзілік масштабта "үрлеп" өршіте отырып, бір мемлекет қытайға қарсы өз жақтастарын көбейтіп, өзінің экономикалық басты қарсыласына жан-жақты қысым жасап өз ырқына бағындыру. Әрі, үлкен экономикалық кризистің салдарынан әрдайым доллардың бағасының өсетінін ескерсекте, алдыда болатын үлкен экономикалық соғыстың алғашқы баспалдағы.

ж) "Кездейсоқтық кездейсоқ болмайды(Случайности не случайно)" деген қағидаға сәйкес, бұл індеттің қытай мемлекетінің ең үлкен мерекесі "Жаңа жыл" мерекесінің қарсаңында шыға келгені кездейсоқтық болмауы мүмкін.

Кез-келген маңызды мәселеге қатысты өз сараптамамды жазып қоятын үрдісім бойынша, қытайдағы індеттің таралуына байланысты өз көзқарасымды ұсындым. Ұсынған төрт варианттың қайсысы сіздің ойыңызға қонымды, оны пікір жазып білдірерсіздер.
Өзіме төртінші вариант дұрыс сияқты. Яғни, бұл гибриттік соғыстың бір "баспалдағы". Қытайға қарсы мемлекет кім болуы мүмкін? "Ішің білсін әлу-ай".

Ал ағайындар!
Ой салса ойланарсыздар!

Рүстем Әшетаевтың желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір