Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2824 1 пікір 27 Мамыр, 2020 сағат 13:41

«Қауіпсіздік шаралары сақталмаса, карантинді күшейтеміз»

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қауіпсіздік шаралары сақталмай, науқастар саны көбейіп, жағдай жақсармаса, әрине, карантин шараларын күшейтіп, қосымша санкциялар енгіземіз. Мұндай шара қолданғымыз келмейді. Кәсіпорындарда, қоғамдық көліктерде санитарлық тәртіпті сақтаудан бөлек, жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Бүгінде маска тағып жүрудің инфекциямен күресте тиімді әдіс екені дәлелденді. Науқастар үшін де, сау адамдар үшін де», - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Осыған байланысты министр қазақстандықтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады. Біртановтың айтуынша, осыған дейін екі ай бойы карантин күшейтілгендіктен жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

Abai.kz

1 пікір