Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2633 0 пікір 26 Мамыр, 2020 сағат 13:45

Ілеспе аударма жүргізу курсы ұйымдастырылады

«Ілеспе аударма: теориялық негіздері мен практикасы» қазақ тілінен
ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізу курсын ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты
комитетінің тапсырысы бойынша «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»
ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Қазақстан Республикасында
тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» аясында Нұр-Сұлтан қаласы, «Тұран» бизнес орталығында
ағымдағы жылдың 1-5 маусым аралығында мемлекеттік тілдің қолданыс
аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында
қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма
жүргізуді үйрету курсын өткізеді.

Курста аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың
ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және
фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер
оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен
практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік
көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен
бөліседі.

Курсты Еуразия ұлттық университеті аударма теориясы мен
практикасы кафедрасының доценті, PhD докторы Ақнұр Төлеубаева
жүргізеді.

Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарының
аудармашылары қатысады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530