Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2975 0 пікір 26 Мамыр, 2020 сағат 12:41

Қарақұмықты Өзбекстаннан, күрішті Үндістаннан сатып аламыз

Қазақстан қарақұмықты Өзбекстаннан, күрішті Үндістаннан сатып алады. Ал арпа экспорты 40% -ға төмендеген. Бұл туралы LS сайты жазды.

Қазақстандық жармалар шет елдерде, соның ішінде Чехия, БАӘ, Моңғолия және Үндістанда сұранысқа ие.

Қазақстан 2020 жылдың үш айында 7,2 миллион долларлық күріш экспорттады. Өнім Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан және басқа елдерге сатылған.

Сонымен қатар, бұл астық Қазақстанға Ресейден, Үндістаннан және Монғолиядан да әкелінді. Алайда, көлем 2019 жылдың үш айымен салыстырғанда төрт есеге азайды.

Ал, қазақстандық арпаның көлемі 75,2 млн долларға дейін қысқарды. Бұл астықты Иран Қазақстаннан 68,2 млн долларға сатып алған. Сонымен қатар арпа Қазақстанға Ресейден әкелінеді.

Қарақұмыққа келетін болсақ, Қазақстан бұл өнімді экспорттамайды, бірақ оны Украина, Ресей және Өзбекстаннан импорттайды.

Abai.kz

0 пікір