Жұма, 29 Наурыз 2024
2483 1 пікір 25 Мамыр, 2020 сағат 10:56

Блокпостта екі полиция қызметкері көз жұмды

Алматыда мас жүргізуші блокбекетті соғып өтіп, салдарынан екі полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Полиция мәліметінше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке қарай үшып кеткен. Салонда екі полицей болған.

Өкінішке қарай, екі полицейдің де қаза тапқаны белгілі болды.

Бастапқыда 42 жастағы аға лейтенант Жалғас Жанғазиевтің оқиға орнында қаза тапқаны хабарланса, бірнеше сағаттан соң екінші полицей, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Ол ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген еді.

Жалғас Жанғазиев

"Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы 1994 жылы дүниеге келген, Алматы тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері жұмыс істеген. Үйленген, бір айлық қызы артында қалды. Қалалық полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Дастан Әбдіқанов

Полицейлердің мәліметінше, мас жүргізуші қамауға алынды. Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616