Жұма, 29 Наурыз 2024
2462 0 пікір 25 Мамыр, 2020 сағат 10:41

Алматыда қандай нысандар жұмысын бастады?

Алматыда 25 мамырдан бастап, кейбір тамақтану орындары мен сауда орталықтары, қонақүйлер мен бутиктер, сән салондары және мейрамханалар жұмысын бастайды. 

Қала әкімдігінің хабарлауынша, алаңы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысандарының жұмысына қойылған шектеулер алынады. Ал, сауда нысандары 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап қаладағы кафе, мейрамханалар ашылады. Олардың жазғы алаңдарын қоса алғанда, жалпы саны шамамен 27 мың адамды құрайтын 3100 нысан жұмысын бастайды. Алайда банкеттер мен салатанатты тойлар өткізуге тыйым салынады. Одан бөлек, аталған нысандардың аумағындағы караоке, бильярд және көңіл көтеретін орындарға да рұқсат етілмейді. Кальян жұмысына карантиннің бүкіл кезеңінде шектеу қойылған.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап қаладағы 393 қонақ үй қайта ашылады. Яғни, олардың қонақ бөлмелерін беруге және өзінің аумағында мейрамханалар ашуға рұқсат беріледі. Алайда, қонақ үйлердегі СПА, бассейндер және тренажер залдары әзірге ашылмайды. Хостелдер жұмыс істемейді.

Ал, қызметіне рұқсат берілген ұйымдардың облыста тұратын қызметкерлеріне қалаға кіруге және шығуға рұқсат беріледі.Олардың деректері infoalmaty.kz базасына енгізілу қажет. Базаға енгізу жұмысқа рұқсат алғаннан кейін ғана жүзеге асады.

Бұдан бөлек, 16 ХҚКО өз жұмысын бастады. Әзірше 1500 қызметкер жұмысқа шығады.

Базардағы саудагерлерге де бүгіннен бастап жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Азық-түліктік емес базарлар 1 маусымда ғана ашылады.

Осылайша, қала әкімдігі 25 мамырдан бастап, қалада 84,2 мың адамды жұмыспен қамти отырып, барлығы 3631 кәсіпорынды іске қосуды  жоспарлап отыр.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565