Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
3310 4 пікір 24 Мамыр, 2020 сағат 10:14

Атырауда карантин мерзімі ұзартылды

Атырау қаласында карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Атырау облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына толықтырулар енгізілді.

"Атырау қаласы аумағында спорадиялық жағдайларды тіркеуді және соңғы жеті күнде Атырау облысының тұрғындары арасында COVID-19-дың өсу деңгейін ескере отырып, қаулы етемін:

- Атырау облысы аймағында шектеу шаралары және Атырау қаласы, Жылыой ауданы және Мақат аулындағы карантин режимін 2020 жылдың 8 маусымы сағат 07:00-ге дейін ұзартылсын. 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07:00-ден бастап 8 маусым сағат 07:00-ге дейін Атырау қаласындағы карантин аймағын Атырау облысы жедел штабы белгілеген блокбекеттерден өту ережесін қамтитын аймақтан бөлек жерлерден өтуге тыйым салынады.

- Жергілікті тұрғындар тұрғылықты жерінен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маска тағып шығуына ғана рұқсат берілсін".

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 мыңнан асты. Оның ішінде Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 901 адамның 224-і аурудан айығып шыққан.

Abai.kz

4 пікір