Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3343 0 пікір 24 Мамыр, 2020 сағат 10:11

Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт - ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам екенін атап өтті.

«Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам. Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып, жақсылыққа жетелейді.

Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы. Оны бүгінгі ұрпақтың өмір салтына айналдыруымыз керек.

Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі.

Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанымыздың арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанды.

Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін. Ораза айт құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін», - делінген Президент құттықтауында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530