Дүйсенбі, 25 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 8322. Жазылғандар — 4352. Қайтыс болғандар — 35
1194 0 пікір 23 Мамыр, 2020 сағат 19:04

Талдықорғанда COVID-19 инфекциясын анықтайтын зертхана ашылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Ондағы мақсат  коронавирус індетімен күрес шараларымен танысу. 

Жұмыс сапары барысында  вице-премьер Талдықорғандағы құрылысы аяқталған орталықтандырылған медициналық зертханаға барды. Орталық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Ғимарат маусым айында қолданысқа берілсе, облыстағы 7-ші ПТР зертхана ретінде жұмысын бастайды. Консультативті-диагностикалық қызмет көрсететін мекемеде сырқаттанушыларға кеңес беру және маммографиялық тексеру кабинеттері бар. Зертханаға заманауи аппараттар қойылмақ. 

«Ең алдымен індет жұқтыру қаупі жоғары топқа жататын медицина мамандары, полиция қызметкерлері және басқа да індетпен күрес шаларарына тартылған азаматтарды тексеруден өткізу үздіксіз жүргізілуі керек. Облыстың Қытаймен, сол сияқты Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарымен шектесетін аумақтарын жіті бақылау керек. Сырттан келгендері, шет мемлекеттерден келіп жатқан студенттерімізді, сыртқаттармен байланыста болған азаматтарды провизорлық стационарларға карантинге алу жұмыстары тиісті деңгейде болуы тиіс. Індеттен қайтыс болу дерегіне жол бермеуіміз керек. Облыстағы бұл бағыттағы жұмыстарға қанықпын. Жұмысты осы қарқында жалғастыра беріңіздер», - деді Ералы Лұқпанұлы.

Құрылысы аяқталған нысанды аралау барысында Ералы Лұқпанұлы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтан аймақтағы коронавирус індетінің таралу жай-күйін сұрады. Тұрғындардың тестілеуді тоқтатпауын және зертханалық қызметтің бағасын өсірмеуін тапсырды.  

Жалпы, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы күніне 2500 сынама алынса, осы жаңа зертхананың арқасында бұл көрсеткіш 3000-ға дейін ұлғаймақ.  Облыста бүгінге дейін 38 мыңнан астам зерттеу жасалған.

Айман Асыл 

Abai.kz

0 пікір