Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2544 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 04:52

Жұмамұрат Шәмші. Мемлекеттік балабақшалар: Ақша жасаудың айла-тәсілдері

Білім және ғылым министрлігі орта білім департаментінің директоры  Н. Аршабеков таратқан деректерге қарағанда, дәл қазір бір Алматы қаласында 175 балабақша жұмыс істеуде. Онда 38000 аса 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Бұл мекемелер мемлекет меншігінде болғанымен, негізі ата-аналардың қалтасындағы қаражатпен күнелтуде. Мысалы, 5 жасқа дейінгі балапаны үшін әке-шешесі айына 17000-18000 теңге, ал 5 жастан асқан балаларға күніне 350-400 теңге төлейді. Мемлекет қандай көмек береді сонда, түсініксіз?

Білетініміз, тек санаториялық типтегі балабақшалардың бүкіл шығынын қазынаның қаржысы өтейтінге ұқсайды. Өткен жылы елбасы Н. Назарбаев Қазақстандағы бүлдіршіндердің 35 пайызы ғана балабақша, мектепке дейінгі мекемелерге баратынын, республикамызда әлі әрқайсысы 280 орындық 800 балабақша салу керектігін тілге тиек етіп еді. Бұл мәселені бүкіл халық болып шешуге шақырды. Үкіметке, жергілікті әкімдіктерге тастай етіп тапсырма беріп, шенеуніктерге қабағын шытты. Міне, арада бір жылдан астам уақыт өтті, президент әмірін жергілікті әкім-қаралар қаншалықты дәрежеде орындап жатыр?

Ресми мәліметтерге жүгінсек, 2010 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда 3890 мектепке дейінгі ұйым болған. Оның 2060-сы шағын орталық, 1832-і балабақша. Балабақшаның 205-і жекеменшік. Балабақшаға орналасу үшін 240-тан аса бүлдіршін өз кезегін күтіп тұр.

Мәселен, Алматы облысында - 40400, Алматы қаласында - 24 500, Оңтүстік Қазақстан облысында - 21300, Астана қаласында - 19000 бала кезекте тұр. Ең жоғары төлемақы Алматыда-17700. Астана қаласында - 13000 теңге. Ең төмен төлемақы Қостанай мен Қызылорда облыстарында. Көлемі 6000 теңгені құрайды.

Соңғы уақытта балабақша қызметінің құны өсті. Алдағы уақытта да өсе бермек, Бұған азық-түлік бағасының өсуі тікелей әсер етуде. Оны қадағалап жатқан бір адам жоқ. Антимонополиялық комитеттің қызметкерлері өз кабинеттерінен шығып бағаны қарау бұлай тұрсын, адам баласына еш пайдасы жоқ, алдындағы құлаш-құлаш қағаздарды жазудан қолдары босамайды.

Бір жылдың ішінде балабақшаға төлемақы 2000 теңгеге артқан. Жекеменшік балабақшаның бағасы тіптен аспандап кеткен. Айына бір балаңыз үшін 55000-62000 теңге төлеуіңіз қажет. Мұны кімнің, немесе қай отбасының бюджеті көтереді? Айтпаса да түсінікті. Әрине, тиын санап жүргендердің, тіпті қатардағы мемлекеттік қызметкердің, мұғалім не дәрігердің шама-шарқы жете бермейтіні айдан анық. Басты мәселе -кезекте тұрған балалардың саны әлі күнге кеміген жоқ. Алайда, баяғы жартас - сол жартас. Бүгінде сол баяғы балабақша ғимараттары редакция, емхана, аурухана, военкомат, қайырымдылық қоры, жекеменшік мектеп, тағысын тағылардың кәдесіне жарап тұр. Қайтарып алуға биліктің сөзі өтпейтін, шама-шарқы жетпейтін сияқты. Өйткені, кезінде жекешелендіру саясатын жүргізіп, мемлекеттің дүние-мүлкін бөліске салған билікте үн, «қайтарасың» деп тығырыққа тірейтін құзірет жоқ. Әйтеуір, балабақшаның жыры жақын арада бітер емес.

Балабақшаның жырын жырлап, күйін күйттеп жүргенде мынадай деректерді көзім шалды. Елімізде баласын жекеменшік мектепке беріп, айына 20 мың доллар төлеп оқытатын ата-аналар бар екенін көріп жағамды ұстадым. Business Resource медиахолдингі сараптама қызметінің мәліметіне жүгінсек, Алматыдағы әрбір жекеменшік мектеп қызмет құнын өзі белгілейді. Келісім шартпен оқуға қабылдайды-мыс. «Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса», деген осы емес пе? Жуырда «Үркер» балабақшасына баратын ұлым Аманаттың ата-аналар жиналысы болып өтті. Залда жүзге жуық әйел, менімен үш еркек болдық, бәрі жүз пайыз қазақтар. Жиналысты  балабақша меңгерушісі Раушан апай баяндамасымен ашты. Қуыршақ театрынан бір әйел шығып, аптасына 1000 теңгеден жинауымызды өтінді. Биші әйел би үйреткені үшін 2000 теңгеден. Сосын ортаға орта жастағы орыс азаматы шығып мен қара белбеулі таэквондистпын, балаларды Шығыс жекпе-жегін үйретемін, айына 3000 теңгеден. Логопед дәрігерге 3000 теңгеден жинаймыз. Ең соңында орта жастағы әйел шығып ағылшын, қытай тілдерін үйретемін 3000 теңгеден айына деді. Сонымен, ата-аналар тамағына 8500 теңгеден тыс 12000 теңге айына төлей алмаймыз деп шулап қоя берді, себебі осы мемлекеттік мекемеге жылдап кезекте тұрғандар бар.

«Чье для своего ребенка 3000 теңге жалько что ли» дегендер де болды. Ақыры маған да сөз беріліп: «арамызда бір орыс жоқ, кім үшін орысша сөйлеп жатырсыздар, түсінбеймін. Өздеріңіз ана тілін жөнді сөйлей алмай жатып, қарныңызды жарып шыққан балаңызға  ағылшын тілін үйрететін әлемде қазақтан басқа халық жоқ. Он бес жастан бастап үйренсе де еш кешікпейді. Жапондардан неге? үлгі алмасқа. Бірінші, адам баласы ана тілінде қалыптасқан жөн, сонда ғана ол сол елдің патриоты бола алады. Тілі енді шығып келе жатқан балаға қазақтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан шырайлы тілі мен ұлттық рухын насихаттаудың орнына бөтен тілде шүлдірлеу қай жағынан алсақ та  жараспайды, ағайын», деп өз ойымды жеткіздім.

«Абай-ақпарат»

0 пікір