Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2614 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 09:44

Өміржан Әбдіхалықұлы. Мәскеуде Алаш зиялыларының зиратына ескерткіш тақта орнатылды

Алаш тарихының ашылмаған ақтаңдақ беттері жетерлік. Қазақтың басына қара бұлт үйірген қызылдардың қырғынынан қынадай қырылған Алаштың арыстан ұлдарының жаназасын шығарып, сүйегін арулап жерлеп, бір уыс топырақ салып, төбеде жатар төмпешігін көре алмау - ұлт жүрегіндегі жазылмас жара.

Аспанында азаттықтың күні ойнаған бүгінгі ұрпақ Алашты тынбай зерттеп жатыр. Сол еңбектің көрінісі - соңғы жылдары Алаш зиялыларының жамбасы тиген жерлер туралы тың деректер табылып жатыр.

2009 жылы Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының сүйектерінің күлі Мәскеудегі Дон қабірстанындағы бауырластар зиратында жерленгенін алаштанушы, журналист Болат Мүрсәлім мен Нығмет Нұрмақовтың немересі Аман Нұрмақов «Азаттық радиосына» хабарлаған еді. Ал, алаштанушы ғалым, «Азаттық» тілшісі Сұлтанхан Аққұлұлы Дон қорымының директоры Александр Деменковпен хабарласып, қос арыстың денесінің күлі Дон қабірстанында жерленгенін растады. Әлихан мен Нығметтің 1937 жылы 27 қыркүйекте ату жазасына кесіліп, атылғаннан кейін сүйектері аталған зиратқа көп адаммен бірге бір шұқырға көмілгені жайлы жазушы Қоғабай Сәрсекеев те жазған болатын. Міне, осы азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында Алаш жұрты арыстарының сүйегінің қайда жатқанын біліп еді.

Ал, күні кеше «Абай.кз» ақпараттық порталының электронды поштасына Жанболат Баймұрынов деген азамат Әлихан Нұрмұхамедұлы мен Нығмет Нұрмақұлы жерленген бауырластар зиратының басына ескерткіш тақта қойылғанын айтып, төмендегі қысқа хатпен суреттерін қосып салып жіберіпті.

«2011 жылы 28 қазанда Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының басына ескерткіш-тақта орнатылды. Қазақ халқының 1937 жылы 27 қыркүйекте атылған айбынды ұлдары Мәскеу қаласындағы Донское зиратында №1 ортақ қабірге жерленген. Екі арысқа қойылған бұл ескерткіш - бабаларға ұрпақтарынан тағзым».

Қарқаралы топырағында туып, Мәскеуде топырақ бұйырған екі арыстың белгі-тақтасына аты-жөнімен қатар, Қарқаралыдан шыққан және бір ұлт ақыны Қасым Аманжоловтың бір шумақ өлеңі жазылыпты

Біз осындай өнегелі де, сауапты іс атқарған азаматтарға Тәңірі жарылқасын айтамыз. Дегенмен, құлпытас-белгі орнатқан азаматтардың (немесе ұйымның) кім екенін біле алмадық. Сол үшін де Дон зиратына ескерткіш тақта орнатқан адамдар редакциямызға хабарласса деген өтініш бар. Ұлыларын ұлықтаған елдің ұрпақтарының бас иер ісін егжей-тегжейлі жұртқа жария етпек ниеттеміз.

Редакция телефондары: 8 727 396 90 71 8 705 966 37 44

«Абай-ақпарат»

0 пікір