Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
5577 10 пікір 22 Мамыр, 2020 сағат 13:44

Түркия президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы іс-шараларына жоғары баға берді.

«Кеселге қарсы жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол. Достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін», – делінген Түркия президенті жазған хатта.

Сонымен қатар, Ердоған вирустан көз жұмған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты және екіжақты стратегиялық әріптестік дағдарыстан кейін қазіргіден де беки түсетініне сенім білдірді.

Abai.kz

10 пікір