Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2290 1 пікір 22 Мамыр, 2020 сағат 11:56

Трамп: АҚШ ашық аспан жөніндегі келісімнен шығады

АҚШ ашық аспан жөніндегі келісімнен шығуды көздейді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы брифингте мәлімдеді.

"Менің Ресеймен қарым-қатынасым жақсы, бірақ Мәскеу келісім жөніндегі міндеттерін орындамай отыр. Соған қарағанда, біз жаңа келісімге отыруымыз мүмкін", - деді Ақ үй басшысы.

Бұның алдында америкалық ақпарат құралдары жұма күні Трамп Ресейге Вашингтонның келісімнен шыққанын ескертеді деп хабарлаған.

Ашық аспан жөніндегі келісім 1992 жылы наурызда қабылданды. Ресей құжатты 2001 жылы мақұлдады. Келісімге 34 мемлекет қосылған. Олар бір-бірінің әуе кеңістігінде әскери қызмет бақылауы үшін ұша алады. Келісімнен кез-келген ел шығуға құқылы, бірақ ол үшін ұйымның басқа да мүшелеріне жарты жыл бұрын ескертуі керек.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл мәселеге қатысты АҚШ-тан ресми хат алмағанын хабарлады. Министрлік Вашингтонның келісімнен шығуы Еуропаның қауіпсіздік жүйесіне соққы боп тиеді деп отыр. Мәскеу өзіне қатысты айтылған айыптауларды негізсіз деп атады.

АҚШ-тың ашық аспан жөніндегі келісімнен шығуды жоспарлағаны өткен жылы қазанда белгілі болған. Бірақ сол кезде Вашингтон түпкілікті шешім қабылдамаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3497