Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 4612 7 пікір 21 Мамыр, 2020 сағат 13:38

«0-3-7» атты саяси реформа бағдарламасы

Бағдарламаларды санмен белгілеу дәстүрі бар ғой. Мәселен, тұрғын үймен қамтамамасыз ету жоспарын билік алдымен «7-20-25» деп атап еді, күні кеше «5-10-20» атты тағы бір бағдарлама пайда болды.

Олай болса, Қазақстандағы саяси реформаның сандық формуласы мынадай болуы керек – «0-3-7».

«0» – елде бір де бір саяси тұтқын болмауы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамында бір де бір шенді не дәрігер, мұғалім, басқа да бюджеттік мекеме қызметкері болмауы тиіс. Әр учаске, округ, аймақтық және республикалық деңгейде билікке тәуелсіз қоғамдық белсенділерді табуға болады.

«3» - саяси партияны тіркеу үшін 3 мың қол жинаса жеткілікті. 1998 жылы біз РНПК партиясын құрғанда заңда сондай талап толған. Сол бапқа қайта оралуға болады.

«7» - тіркелуге құжат берген 7 партияның бәрін, содан кейін де бастама көтерген басқа да партияларды да, құжаттары талапқа сай болса, әртүрлі құйтырқы-бұрмалаушылыққа салмай, тіркеу керек!

Әміржан Қосанның желідегі жазбасы

Abai.kz

7 пікір