Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2174 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 08:29

Желтоқсанда қазақстандық бидай экспортының көлемі 600 мың тоннадан 1 млн тоннаға дейін артады - АШМ

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Желтоқсанда қазақстандық бидай экспортының көлемі 600 мың тоннадан 1 млн тоннаға дейін артады, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

«Бидайды сақтау мен тасымалдау бойынша белгілі бір қиындықтар бар... Біз ҚТЖ-мен (Қазақстан темір жолы - ҚазТАГ) тығыз жұмыс істеп жатырмыз, қазан айында 1,2 млн тонна бидай тасымалданды, оның 600 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Алдағы айда бұл көлемді арттырып, 800 мың тоннаға жеткіземіз. Желтоқсанда ай сайын 1 млн тонна экспорт көлеміне шығамыз», - деді А. Мамытбеков бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысында.

Ол мемлекет бидай тасымалын субсидиялайтынын еске салды. «Біздің бидайымыз бәсекеге қабілетсіз болып табылатын бағыттарда - Қара және Балтық теңіздері бағытында экспортты ынталандыру шаралары қолға алынды»», - деді АШМ басшысы.

Оның ақпаратына сәйкес, бұл бағытта 2,5 млн млн тоннаға жуық бидай экспортталады. «Біздің экспорттаушылар дәстүрлі бағыттарда да жұмыс істеп жатыр, ол жаққа біз 8 млн тонна сатуды көздеп отырмыз», - деді министр.

Еске сала кетейік, АШМ 2011 жылғы астықтың экспорттың әлеуетін 15 млн тонна деңгейінде бағалап отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596