Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2387 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 08:17

Дәнді дақыл экспортының 95%-ын бидай құрайды – АШМ басшысы

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ - Дәнді дақыл экспортының 95%-ын бидай құрайды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

«Бидай экспорттың жалпы көлемінің 95%-ын құрайды. Өйткені, бізде мал азығы бидайы бойынша айтарлықтай сұраныс та, азық бидайы да жоқ. Өндірістік фураждың бәрі ішкі тұтынуға жіберілді, ал экспорттық әлеует бидайдан құралады», - деді ол бейсенбі күні сенатта журналистерге.

Министрдің айтуынша, биылғы маркетинг жылында дәнді дақылдардың сапасы жеткілікті деңгейде жоғары болады.

«Рефакция 10%көлемінде болады деп ойлаймын.Әрине, әр аймақта, әр шаруа қожалығында бидайдың ылғалдылығына, тазалығына байланысты рефакция әр түрлі болады, біреуінде көбірек, басқасында азырақ. Орташа алғанда, рефакция шамамен 10%құрайды деп ойлаймын», -деді ол.

«Біздегі бидайдың сапасы жақсы (биыл - ҚазТАГ). Бидайдың бәрі азық-түліктік бидай болады. Бұл нақты. Кей жерлерде жабысқақтығы 18%-дан төмен болса да (5-ші сыныпты бидай - ҚазТАГ), бұл өте сирек кездеседі. 4-ші сынып болғанның өзінде, бұл азық-түліктік бидай болады. 90% және одан артығы - азық-түліктік бидай», - деп сендірді А. Мамытбеков.

Министрдің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан әдеттегі нарықтарына 8 млн тоннаға дейін бидай экспорттай алады.

Еске сала кетейік, ҚР АШМ 2011 жылғы астықтың бидай бойынша экспорттық әлеуетін 15 млн тонна деңгейінде бағалап отыр.

Рефакция - сапасы келісімшарттар, стандартта және техникалық шарттарда қарастырылғаннан төмен болған тауарлардың көтерме бағасынан (немесе салмағынан) шегерім.

0 пікір