Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2331 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 08:15

3 жылда мүмкіндіктері шектеулі 9 мыңнан аса бала қашықтықтан білім алады

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ - 3 жылдың ішінде мүмкіндіктері шектеулі 9,3 мың бала қашықтықтан білім алады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

«Бүгінгі күні мүмкіндіктері шектеулі 9300 бала денсаулық жағдайына байланысты мектепке бара алмайды. Биылдан бастап мемлекет қашықтықтан білім беру үшін ондай балаларды компьютермен, интернетпен және бағдарламалық қамсыздандырумен жыл сайын қамтамасыз ететін болады», - деді Б.Жұмағұлова бейсенбі күні «Білім жүйесін ақпараттандыру» 5-ші халықаралық форумында.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа 3 жылдың ішінде Т5,6 млрд қарастырылған. Министрдің ақпаратына сәйкес, қашықтықтан білім беру тәжірибелік режимде 37 қазақстандық ЖОО-да және 4 колледжде енгізілген.

«ЖОО-лардың жиынтық электрондық каталогындағы атаулардың саны 3,3 млн-ға жетті және әлі де толыға түседі. Болашақта республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана жүйесіне колледждер мен лицейлердің кітапханалары қосылады», - деді министр.

Республикалық ЖОО аралық кітапханаға Қазақстанның 38 ЖОО-сы кіреді, онда 90 мың оқулық, 1 млн-ға жуық мақала мен құрал жинақталған.

0 пікір