Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2729 6 пікір 20 Мамыр, 2020 сағат 14:13

ДДСҰ ассамблеясы пандемияға байланысты тергеу жүргізуді қолдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) денсаулық сақтау министрлері деңгейінде өткен конференцияда коронавирус пандемиясына байланысты жіті тергеу жүргізу жөніндегі резолюцияны қолдады.

Резолюция жобасын 100 мемлекеттің қолдауымен Еуропалық одақ ұсынды. Олардың ішінде Қытай мен Ресей де бар. Құжат дауыс берусіз қабылданды. Ешбір мемлекет, оның ішінде АҚШ та қарсы болмады.

Құжатта коронавирустың кең таралуына байланысты халықаралық қауымдастықтың үндеуін есеп ала отырып, жан-жақты тәуелсіз зерттеу жүргізу керектігі айтылған. Бірақ құжатта Қытай жаңа вирустың пайда болған ел ретінде мүлдем айтылмаған.

ДДСҰ-ның екі күндік конференциясында ұйымды сынаушы АҚШ президенті Дональд Трамп болды. Вашингтон Бейжің эпидемияның тез таралу деңгейін құпия ұстады деп айыптайды. Америка билігінің пікірінше, ДДСҰ Қытай уәжіне сеніп, орасан қауіп әкелетініне мән бермеген. Сейсенбі күні Трамп ДДСҰ-ға қателіктерін түзету үшін 30 тәулік уақыт берді. Кері жағдайда, АҚШ ұйымнан шығып, қаржыландыру мүлдем тоқтатылуы мүмкін деп ескертті.

АҚШ билігі коронавирус Қытайдың Ухань қаласындағы Вирусология институтынан шығуы мүмкін деген болжамды алға тартады. Мұндай болжамға дәлелдері бар екенін АҚШ президентімен қоса, елдің мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да мәлімдеген.

Abai.kz

6 пікір