Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4198 3 пікір 20 Мамыр, 2020 сағат 13:57

Президент бұл одақтан шығуды айтса, қолдар едік...

Тоқаев мырзаның бүгін өткен Еуразиялық Экономикалық Одақтың комиссиясын кеңейтуге қатысты жиындағы ұстаған бағыты ұнады. Бұл одақты саясиландыратын барлық шешімдерді оқымастан қоқысқа тастау керек. "Білім, ғылым мен денсаулық саласы бойынша мәселелер бұл одақта қаралмауы тиіс", деген ойыңызды және "кез келген интеграцияны арттыру мәселесін асықпай қарау керек", деген ұстанымыңызды құптаймын.

Бұған дейін Путин Лукашенконы "мұнай бермеймін" деп қорқытып, қысып келді. Ақыры мұнай мұхиттың ар жағынан, АҚШ-тан келетін болды. Шешімі табылды. Сол сияқты біздің президент бұл одақтан шығуды айтса, қуана-қуана қолдар едік. Өйткені бұл одақтың мақсаты КСРО деген "халықтар түрмесін" қайта тірілту ғой. Президент үлкен дипломатиялық тәжірибесін пайдалана отырып, бұл одақтың біздің тарапқа саясиланып кетпеуін барынша тоқтатып, түбі қақпаннанқалып шықса деген тілегім бар.

Асхат Қасенғалидің желідегі жазбасы

Abai.kz

3 пікір