Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 4988 10 пікір 19 Мамыр, 2020 сағат 14:17

Зеленскийдің мәлімдемесі һәм Қазақстанның позициясы

Украина Президенті Владимир Зеленский мұсылмандар үшін қастерлі мейрам болып саналатын Құрбан айт пен Ораза айтқа мемлекеттік мәртебе беруге ниетті екенін білдірді. 

Кеше, 18 мамырда Зеленский Қырым татар халқының өкілдерімен кездесіп, геноцид құрбандарын еске алу күніне орай көңіл айтты. Сонымен қатар, ол президент кеңсесінің жанынан қырым татарларының мәселесімен шұғылданатын жұмыс тобын құру туралы да бастама көтерді.

- Біз Қырымның Украинаға қайтып оралатын күні сөзсіз туады деп сенеміз. Қырым татарлары мен украиндар бір үстелге жиналып: «Сіз бен біздің азаттығымыз үшін!» - деп тілек айтатын күнге жетеміз,- деді Украина президенті Қырым-татар геноцидінің құрбандарын еске алу күніне орай сөйлеген сөзінде.

Ал, мамырдың 17-18 қараған түні, Президент Әкімшілігінің ғимаратына украин және қырым татар халықтарының ынтымағын білдіретін жарық проекциясы орналастырылған.

https://www.facebook.com/president.gov.ua/posts/2000090006802523

Айта кетейік, Ресей 2014 жылы Украина құрамындағы Қырым түбегін аннексиялады. Сол жылы сәуірде Украинаның Донецк және Луганск облыстарында ресейшіл сепаратистер мен Украина әскері арасында қарулы қақтығыс басталды. Бүгінге дейін аталған қақтығыстан 13 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Ал, Батыс елдері Ресейдің Украинаға қатысты әрекетін айыптаған болатын.

Қазақстан бұл мәселеде бейтарап ұстаным білдірген. Алайда,2019 жылдың желтоқсан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт «Неміс толқынына» берген сұхбатында : «Қырымда болған жағдайды аннексия деп атамаймыз. Аннексия - тым ауыр сөз. Біз Ресей Федерациясымен сенімді, тату қарым-қатынастамыз. Минск келіссөздері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жүзеге асқанын еске салғым келеді. Бүгінгі таңда Минск келісімдері, Украинадағы қақтығыстың реттелуіне көмектесетін жалғыз заңды құжат болып табылады», – деді.

Тоқаевтың бұл сөзіне Украина Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанға демарш жолдаған.

Зеленскийдің бұл жолғы шешімінен кейін желіде сарапшылар пікір жазыпты. «Украинаның Ораза мен Құрбан айтты мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне қосуы - Қырым татарларына жасалған ілтипат. Қазақстан билігі де Қырымға қатысты позициясын нақтылауы керек», - дейді сарапшылар.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604