Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3600 0 пікір 29 Қазан, 2011 сағат 12:56

Тариф саясаты – өзекті мәселе

Елбасының «Болашақтың іргесін бір­­ге қалаймыз» атты Жолдауында «Әл­­еуметтік жаңғырту - жаңа әлеу­мет­тік саясат» тарауында Үкімет пен әкім­дер­дің бірлесіп атқаратын жұмыс­тары­ның қатарына жұмыспен қамту­дың жа­ңа стратегиясы мен тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылықты жаң­ғырту мә­се­ле­лері тапсырылғаны белгілі. Оның тия­нағын келтірумен қатар, үнем мен ұқ­ыптылық мәселелері де күн тәртібіне өткір қойылды. Соның дәлелі қуат көзі мен су, жылу, тағы басқа коммуналдық қызмет түрлерін үнемді әрі ысырапсыз пайдалану ба­ғы­тындағы алғашқы нә­тижелер жемісін бере бастағандығы.

Энергетикалық қауіпсіздік бүгінде ең өзекті мәселе десек, желілердегі эн­ер­гия шығындарын азайту үшін электр және жылу жүйелерін жаңалау едәуір шы­­ғынды құрайтыны анық­тал­ған.

Электр қуатын үнемдеу бағытында «ТАТЭК» АҚ бес жылда біраз жетістіктерге жетіпті. Облыс аумағында акционерлік қоғамның 2 290 электр стан­циясы бар. Бүгінгі таңда электр сым­дарын жаңғырту басты міндет саналса, облыста жалпы 12 мың 900 шақырым электр сымдарының 25 пайызы ғана жаңартылған.

Елбасының «Болашақтың іргесін бір­­ге қалаймыз» атты Жолдауында «Әл­­еуметтік жаңғырту - жаңа әлеу­мет­тік саясат» тарауында Үкімет пен әкім­дер­дің бірлесіп атқаратын жұмыс­тары­ның қатарына жұмыспен қамту­дың жа­ңа стратегиясы мен тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылықты жаң­ғырту мә­се­ле­лері тапсырылғаны белгілі. Оның тия­нағын келтірумен қатар, үнем мен ұқ­ыптылық мәселелері де күн тәртібіне өткір қойылды. Соның дәлелі қуат көзі мен су, жылу, тағы басқа коммуналдық қызмет түрлерін үнемді әрі ысырапсыз пайдалану ба­ғы­тындағы алғашқы нә­тижелер жемісін бере бастағандығы.

Энергетикалық қауіпсіздік бүгінде ең өзекті мәселе десек, желілердегі эн­ер­гия шығындарын азайту үшін электр және жылу жүйелерін жаңалау едәуір шы­­ғынды құрайтыны анық­тал­ған.

Электр қуатын үнемдеу бағытында «ТАТЭК» АҚ бес жылда біраз жетістіктерге жетіпті. Облыс аумағында акционерлік қоғамның 2 290 электр стан­циясы бар. Бүгінгі таңда электр сым­дарын жаңғырту басты міндет саналса, облыста жалпы 12 мың 900 шақырым электр сымдарының 25 пайызы ғана жаңартылған.

Табиғи монополияларды реттеу ба­ғытында жеке субъектілерге жүктелер міндет ерекше. Әсіресе, тариф саяса­тын тұрақты іске асыру үшін инвестиция тарту аса маңызды. Тариф сая­са­тындағы жаңа әдістердің экономика­лық тиімділігін түсінген тұтынушылар үш, екі деңгейлі сараланған тарифтерге ауысуда. Мәселен, облыстағы көп қабатты тұрғын үйлер саны 3 100 жуық. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелердегі жылы­ту мен электр жүйесін жаңғырту, қайта құруға қомақты қаржы қажеттігі ай­қын­далып, жұмыс жүйелі жалғасуда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығын жаңғырту мен қуат көзін, суды үнемдеуге қатысты тариф саяса­тына ор­ай Қазақстан Республикасы Табиғи мо­но­полияларды реттеу аг­ент­тігінің төр­­­ағасы Нұрлан Алдабергенов қатыс­қан жиын Талдықорғандағы Тіл сарай­ында өтті. Оған Алматы қаласы мен облыс ау­мағын электр энергия­сы­мен қам­тамасыз етуге міндетті мекеме бас­шылары, әкім­дік, қоғамдық бірлестік және пәтер кооперативтері, табиғи монополия субъек­тілерінің өкілдері жиналды.

Жиында қаржыны инвестиция жә­не жаңа енгізілген тарифтер есебінен өндіру жайы ортаға салынды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы өңір басшылығы алдына тың міндеттер қойып, өңірде электр қуа­тын, жылу мен суды үнемдеу үшін са­раланған тарифтерді енгізу барысында желілердегі энергия шығыны жыл санап азайғанын нақтылады.

Бұған дейін шаһардағы электр желілерін жаңғырту, жаңалау және қуат көзін үнемдеуге қатысты жұмыстар­мен танысқан агенттік төрағасы тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылығын­дағы атқарылған жұмыстарға оң баға­сын берді.

Облыс әкімінің бірінші орынба­са­ры Амандық Баталов жиналғандарды күн электр қуатына қатысты және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудағы қолға алынған жұмыс­тармен жан-жақты таныстырды. Ра­сын­да да ел экономикасы нығайған қа­зіргі кезде аталған саладағы қорда­лан­ған мәселелердің шешімін табуына, тоз­ған су, жылу, электр желілерін қай­та жасауға мүмкіндігінше қаржы бө­лінгеніне нақты дәйектер келтірді.

Биыл ескі көп қабатты үйлерді күр­делі жөндеу қолға алынса, тұр­ғын­дардың коммуналдық қызметтерді тұ­тынуын реттеу мақсатымен жаңа есептегіш құралдары орнатылуда. Нәтиже­сінде өңірде саладағы ысырапқа жол бермеу мақсатындағы Алматы облы­сын­да жаңа есептегіштерді орнату ар­қылы ыстық су 86,3, суық су 82% пайызды құрапты. Осылайша үнем мен нақты есеп арқылы ысырапқа жол берілмегенін айтуға болады. Былайша айтқанда еліміз бойынша өткен жылы нормативтік ысыраптарды болдырмау нәтижесінде 3,2 млрд. теңге, нормативтен тыс ысыраптарды төмендетуден 1,5 млрд. теңге үнемделген.

Жалпы екі жаққа да тиімді бас­та­маның алғашқы қадамы нәтижелі деуге болады. Агенттік төрағасы екі және үш сараланған тарифтік тиімділігі жай­лы айтты. Өткен жылы осы жаң­ғыртуға байланысты өңірде қуат көзін тұтыну тиімділігі 137,2 млн. теңге болса, өткен тоғыз айда бұл көрсеткіш 246,9 млн. теңгені құраған.

Облыс жұртшылығы нормативтік-техникалық ысыраптарды төмендету­ден 19,8 млн. теңге, оның ішінде қуат көзі 7,1 млн. теңге, су 6,2 млн. теңге, жы­лу 6,5 млн. теңге көлемінде үнем­деп, тарифтер бойынша тұтыну тиімділігі артқаны дәлелденген.

Тариф саясатының тиімділігі өңір­дің әр аймағынан да байқалады. Мә­селен, жаңа әдісті қолдану арқылы Қап­шағай қаласында судың үнемі 158,3 мың текше метр немесе бір тұ­ты­нушыға шаққандағы оның мөлшері 307 литрді құраған.

Агенттік төрағасы жиынға қатысу­шы­ларға жаңа тарифтерді қолданудың пайдалы жақтарын әр тұтынушыға жет­кізу қажеттігін де тапсырды.

- Елбасының Жолдауындағы тап­сыр­маларды орындау бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Мәселен, өткен жылдың өзінде ғана шамамен 248 млн. кВт/сағ электр энергиясы үнем­делген. Бұл мөлшер халықтың барлығы тұтынатын электр энергиясы көлемінің 2,3 пайызын немесе 62 мың тонна көмірді құрайды. Және тұты­ну­шылар қалтасынан 3,2 млрд. теңгенің үнемделгенін көрсетеді. Жыл сайын осындай үнемге қол жеткізетін болсақ, енді, бірер жылда бұл бағыттағы жұ­мыс нақты нәтиже береді, деді.

Жиында Алматы қаласы мен Жетісу өңіріне қуат көзін жеткізуші «Ал­маты - ЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Михаил Гамбургер сараланған жаңа тарифтерге көшудің пайдасын тұтыну­шылардың көре бастағанын және электр қуатын тұтынудың осы әдісіне көшкендер саны күрт артқанын жеткізді. Мәселен, 2009 жылы аталған компания қызмет көрсеткен тұтынушы­лар­дың 12 мыңнан астамы екі тарифтік есептегіш арқылы төлеп келсе, биылғы тоғыз айда олардың қатары 21 мыңнан асқан. Осы орайда «Алматы - Энерго­Сбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Самұрық - Энергоның» қосал­қы кәсіпорны ретінде тариф сая­сатын тұрақты іске асыруды көздеп, халық арасындағы түсіндіру жұмыс­та­рын жан-жақты атқарып отырғанын көреміз.

Өңірде 2020 жылға дейінгі белгіленген жұмыстарға ғана 125 млрд. теңге қажеттігі есептелген. Бұл суды қоспағандағы қаржы. Ал суды қоса есептегенде 240 млрд. теңге қажет. Қо­мақты қаржыны мемлекет қоржы­ны­нан ғана алу мүмкін емес. Демек, қа­зіргі кезде қаржыландырудың үш көзі: мемлекеттік бюджет және жаңғырту жұмыстарына жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындарды тарту міндеті алда тұр. Сондай-ақ, жеке инвесторларға жағ­дай туғызу арқылы ортақ іске жұ­мылдыру қажеттігі алға қойылған.

Кеңесте басқа да мүдделі тұлғалар ойлары мен ұсыныстарын ортаға сал­ды. «ТАТЭК» АҚ вице-президенті Вла­­димир Педан, «Алатау ЖарықКом­па­ния­сы» АҚ президенті Мұхит Үм­бе­тов, «Жетісусуқұбыры» ҚМКК дирек­то­ры Валерий Ким, Талдықорған қа­ла­сындағы ПИК қауымдастығының төр­айымы Людмила Красикова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын ретке келтіру, құны аспандаған комму­нал­дық қызметтерді үнемдеу арқылы ба­ға­ны тұрақтандыру төңірегіндегі ұсы­ныс­тарын айтып, пікір бөлісті.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов, облыс әкімінің бірінші орын­ба­са­ры Амандық Баталов жиынды қоры­тын­ды­лап, тұтынушылардың жаңа та­риф­терді қолдану арқылы экономи­ка­лық тиімділікке қол жеткізу жолдарын нақ­тылап, жа­уапкершілікті күшейтуді міндеттеді.

Күмісжан БАЙЖАН.

Алматы облысы.

0 пікір