Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3694 0 пікір 29 Қазан, 2011 сағат 12:38

Тарлан

Осы 2011 жылдың көктемінің бір күні өнердің, әдебиет, мәдениеттің шырақшы­сындай ізденгіш Құлбек Ергөбек ха­барласып, Өзбекәлі Жәнібековтің 80 жыл­дығы туралы әңгіме қозғады. Біраз пікір алыстық. Сол әңгіме менің Үкімет бас­шысы Кәрім Мәсімовке арнайы сауал жолдауыма түрткі болды.

Сауалыма Үкімет басшысынан төмен­дегідей жауап келді.

«Көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері Өзбекәлі Жәнібековтың туға­нына 80 жыл толуына байланысты 2011 жылы бірқатар іс-шаралар ұйымдас­ты­ру туралы сауалыңызға орай тө­мендегіні хабар­лаймын.

Өзбекәлі Жәнібековтың ұлт мә­дение­ті мен өнеріне қосқан сүбелі үлесін ескере отырып, мерейтойлық іс-шаралар ұйым­дастыру жөніндегі ұсынысыңызға қолдау білдіремін.

Республикалық деңгейде биылғы жы­лы оның қаламынан туған екі томдық «Таң­да­малы шығармалар» жинағы мен Ө. Жә­нібеков туралы «Рух сарбазы» атты естеліктер жинағы жарыққа шығады.

Сонымен қатар, Өзекеңнің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм түсіріліп, ағымдағы жылы рес­публикалық телеарналардың эфирінде көр­сетілуі жоспарланып отыр.

Биылғы жылы Астана қаласында елі­міздің белгілі тарихшылары, этнограф мамандарының бас қосуымен Ө.Жәнібе­ковке арналған ғылыми-тәжірибелік конференция, «дөңгелек үстел» және «Ұлт руханиятының» тақырыбында еске алу кеші өткізіледі.

Осы 2011 жылдың көктемінің бір күні өнердің, әдебиет, мәдениеттің шырақшы­сындай ізденгіш Құлбек Ергөбек ха­барласып, Өзбекәлі Жәнібековтің 80 жыл­дығы туралы әңгіме қозғады. Біраз пікір алыстық. Сол әңгіме менің Үкімет бас­шысы Кәрім Мәсімовке арнайы сауал жолдауыма түрткі болды.

Сауалыма Үкімет басшысынан төмен­дегідей жауап келді.

«Көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері Өзбекәлі Жәнібековтың туға­нына 80 жыл толуына байланысты 2011 жылы бірқатар іс-шаралар ұйымдас­ты­ру туралы сауалыңызға орай тө­мендегіні хабар­лаймын.

Өзбекәлі Жәнібековтың ұлт мә­дение­ті мен өнеріне қосқан сүбелі үлесін ескере отырып, мерейтойлық іс-шаралар ұйым­дастыру жөніндегі ұсынысыңызға қолдау білдіремін.

Республикалық деңгейде биылғы жы­лы оның қаламынан туған екі томдық «Таң­да­малы шығармалар» жинағы мен Ө. Жә­нібеков туралы «Рух сарбазы» атты естеліктер жинағы жарыққа шығады.

Сонымен қатар, Өзекеңнің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм түсіріліп, ағымдағы жылы рес­публикалық телеарналардың эфирінде көр­сетілуі жоспарланып отыр.

Биылғы жылы Астана қаласында елі­міздің белгілі тарихшылары, этнограф мамандарының бас қосуымен Ө.Жәнібе­ковке арналған ғылыми-тәжірибелік конференция, «дөңгелек үстел» және «Ұлт руханиятының» тақырыбында еске алу кеші өткізіледі.

Сондай-ақ, Астанада кезінде Ө.Жәні­беков өзі бас болып ұйымдастырған «Оты­рар сазы» оркестрі, «Адырна», «Саз­­ген» фольклорлық-этнографиялық ор­­кес­­трі және «Алтынай» би ансам­блі­нің концерті өткізіледі.

Мәдениет министрлігіне қарасты рес­публикалық мекемелерде де Өзекеңнің ме­рейтойына байланысты біраз іс-шара­лар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Ал­ма­тыдағы Қазақстан Республика­сы­ның Ұлттық кітапханасы мен Астана қа­ласындағы Қазақстан Республика­сы­ның Ұлттық академиялық кітапхана­сында  Ө.Жәнібековке арналған кітап көрмелері мен оқырмандар конференция­лары өтеді. Алматыдағы Қазақстан Республикасы­ның мемлекеттік орталық мұражайында     Ө.Жә­нібековке арналған халықаралық ғы­лыми-практикалық конференция мен көрме ұйымдастырылады.

Ал, Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қо­рық мұражайында «Өзбекәлі Жәні­беков - мемлекет және қоғам қайрат­кері» деген тақырыпта көрме ашылса, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұ­ражайы аудандық кітапханалар мен мұражай­лар­мен бірлесіп «Ө.Жәнібеков - мемлекеттік қайраткер» атты дөңгелек үстел, көрме ұйымдас­тыруды, мектептерде Өзе­кеңнің өмірі мен шығарма­шы­лығына арнал­ған лекциялар оқуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі тарапынан биылғы жыл­дың наурыз айында мерейгерге ар­налған республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылғанын хабарлаймын.

Премьер-Министр К.Мәсімов»

26 мамыр, 2011 жыл.

 

....Біздің жасөспірім шағымызда комсомол деген жастар ұйымының қоғам­дағы беделі дүрілдеп, абыройы өсіп тұрды. Комсомолдың талабы - жақсы оқу, адал еңбек ету, қулық, ұрлық, сұмдық, өтірік­шілік сияқты жаман қылықтардан аулақ жүру болатын. 14 жасқа толған өскелең ұрпақ осы талаптарды таза қабылдап, соған ұмтылатын.

...Өзбекәлі Жәнібеков ауданнан Ор­талыққа дейінгі комсомол ұйымдарының жетекшілік қызметтерінде 15 жылдан астам уақыт еңбек етті. Әсіресе, 1962-1970 жылдары Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарып, жастар ұйымындағы қоғамдық қайраткерлігімен бүкіл елге танылды. Ұлт­тың, Республиканың мүддесін қорғай білуде де Өзекеңнің тұлғасы Орталық комсомол комитетін басқарған жылдары айрықша көрінді.

Өзекеңмен тұңғыш кездесуіміз 1970 жылдың қаңтарында Қазақстан комсо­молы Орталық комитетінде болды. Әри­не, Өзекең үшін ондай кездесулер қызме­тіне байланысты әдеттегі ондаған, жүзде­ген кездесулер болатын. Ол кісінің алды­нан мен сияқты қарапайым қазақтың жігіттері лек-легімен, топ-тобымен өтіп жата­тын. Сондықтан ондай кездесулер Өзекеңнің есінде қала бермеуі де мүмкін. Ал мен үшін сол кездесу естен кетпес ерекше оқиға. Өйткені, ондай дәрежеде менің тұңғыш кездесуім. Екіншіден, сыртынан атына қанық тұлғамен кездесу. Үшін­шіден, бұл тұңғыш кездесу - бола­шақ өмірдің әр қырында кездесіп, түсінісіп, сырласып, қызметтес те болып жүрудің бастамасы болған шығар.

Жастар ұйымында қызмет жасаған жылдарымызда, ол кісі Орталық, біз аудан деңгейінде жүріп, жастармен тілдесіп, араласып, оларды қоғамның игілігіне, жақ­сылығына, дамуына, оң бағытына жұмыл­дыру жұмыстарын үйрендік. Комсомол қоғам тіршілігінің сан салалы ба­ғытта­рының барлығына, мектептегі оқу­дан бастап, спорт, көркемөнерпаз, әскери-патриот­тық, еңбек тәрбиесіне тікелей араласатын. Көбіне бастамашыл­дық көр­сететін. Ол кезде комсомолдан өскен аға ұрпақ жастық шағында комсомол қата­рында болғанын мақтанышпен айтатын.

Сол жылдары жастардың жалпы біліммен қатар әртүрлі кәсіптік, техникалық білім алуына айрықша мән берілді. Осы бағытта қоғамды басқарушы болған Қа­зақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Үкіметінің арнайы қаулы-қарар­лары­ның қабылданып, жергілікті жерлерде жас­тардың оқуын қамтамасыз ететін жағдай жасалуына Өзекең Республика жастар жетекшісі ретінде тікелей бастамашы бола алды. Қазақстанда металлургия, тау-кен, энергетика, құрылыс, мұнай, тағы басқа өнеркәсіп кешендері бой көтере бастады. Комсомолдың Орталық Комитеті солардың көпшілігін екпінді комсомол құрылысы санатына қосып, қазақ жастарының өнер­кәсіп саласына мамандануына қамқорлық жасауға тырысты. Болашақта олар­дың қатарынан мыңдаған еңбек ардагерлері, ондаған, жүздеген өндіріс басқарушылары өсіп шығып, қо­ғамға пайдалы еңбек етті.

XX ғасырдың басындағы жастар қозғалысының көрнекті қайраткер­лері Ғани Мұратбаев, Саттар Еру­баевтардың есімін кейінгі ұрпақ санасына жеткізіп, тарихи тұлғалар өмірі мен еңбегін сыйлау дәстүрін қалыптастыруда Өзекеңнің еңбегі мол.

Комсомолдың өнер, ғылым, мә­дениет саласына да батыл ара­ласып, жас та­ланттардың өсуіне тікелей қамқорлық жасау үрдісі де осы Өзекеңнің тұсында қалыптасып, жақсы дәстүр болып, кейінгі ке­зеңдерге дейін де сәтті жалғасын тауып жатты.

Әдебиет, өнер саласында Қа­зақстан Комсомолы сыйлығының лау­реаты деген құрметті атақ туралы шешім қабылданып, оның алғашқы лауреаты етіп небәрі 23 жыл өмір сүріп, «Менің құрдастарым» рома­нын жазып кеткен Саттар Ерубаевты жариялады. Мөлдіреген жас шағында сол атаққа ие болған Олжас Сүлейменов, Ғазиза Жұба­нова, Әнуар Әлімжанов, Қадыр Мыр­залиев, Тұманбай Молда­ға­лиев, Шәмші Қал­даяқов, Нұрғали Нүсіп­жанов, Анатолий Молодов сынды дарынды тұлғалар Қазақ­стан әде­биетінің, өнерінің көрнекті қайрат­керлері болып өсті. Өнер саңлақтарының өсуі де, еңбегі де жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша өнеге екенін айтқанымыз орынды. Өнер, мәдениет сала­ларын дамытуға бағыт­талған әртүрлі конкурстар мен фестиваль­дарға да комсомол бастамашы болып, олардың халық арасында танылып, маз­мұнды әрі тартым­ды өткізілуіне мән беріліп, кеңінен қанат жайды. Өзекең қазақ жастарының, әсіресе қоғамдық өміріміздің сан алуан саласының талантты өкілдерінің Одақ көлемінде танылып, насихатталуына айрықша көңіл бөлді. Сол үшін аянған жоқ. Қажет жерінде ұсынысын беріп, сөзін айтудан тартынған емес.

Өзекеңмен сол кездегі Бүкілодақтық комсомол комитетінің бірінші, екінші хат­шылары қызметтерін атқарған Сергей Павлов, Евгений Тяжельников, Борис Пастухов тиянақты санасатын, сыйлайтын. Әрине, оның бәрі оңайлықпен өздігінен бола бермейтіні анық. Ондай дәрежеге жету үшін толассыз еңбек, оның көрнекті нәти­жесі, қажетпен көтерілген мәселе, орны­мен ай­тыл­ған ұтымды сөз, бұлтартпас дәлел жи­нақталып барып, адамның қабі­лет, қары­мын көрсетері де хақ. Өзекең республика жастар одағының жетекшісі ретінде осынау биік талап тұрғысынан көріне білді.

Өзекеңнің қоғам үшін жасаған еңбегі, жеке басының қайраткерлік, адамдармен қарым-қатынастық қасиеттері мыңдаған адамдардың жадында сақталып, көкіре­гінде, көңілінде, көкейінде өшпес із қалдырды.

Өзекеңнің ғажабы - жоғары лауазымды қызметте болғанда да, одан кеткенде де адами мінезінің бірқалыпты болуы. Өзе­кеңе деген ел-жұрттың, Өзекеңді білетін адамдардың, қоғамның да қатынасы бірқа­лыпты «Өзеке» деген сыйласымдылық жағдайда болды.

Дүниеден озғанына он жылдан асса да Өзекеңнің есімі мен тұлғасына сол баяғы халықтық, ұлттық құрмет сезімі өсе түспесе, бір мысқал да кемімеді. Өзекең ұлтымыздың қайраткері бейнесінде ол кісіні көрген, білетін адамдардың санасында сөнбес жарық сәуле болып қалды.

Өзекеңнің өмір жолы, өсу жолдары оңай болған жоқ. Бала кезіндегі басынан өт­кізген жетімдігі, бозбаладан есейіп жігіт шағында оқуға, білімге, еңбекке деген ізденісі, талпынысы, одан кейінгі үлкен өмірге араласуы туралы Өзекең өзінің «Тағдыр тағылымы» кітабында тартымды баян­даған.

Комсомол қызметінен кейін Өзекең партия қызметіне тартылып, жаңадан құ­рылған Торғай облысына облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы қызметіне жіберілді.

Өзекеңнің Торғай өңіріндегі еңбегі аңызға бергісіз. Содан бері қырық жылдан астам уақыт өтсе де, сол кездері Торғай облысында тұрған азаматтар ерекше тебіреніспен еске алады.

Торғай өлкесіндегі бес жылғы еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Компар­тиясы Орталық Комитетінде жаңадан құрылған Сыртқы байланыстар бөліміне меңгеруші қызметіне тағайындалды.

Ол заманда партияға мүше адамдар, әсіресе, басшы қызметшілер өз беттерімен, тек өз қалауымен қызмет таңдай алмайтын. Әрине, шешім қабылдайтын құзырлы партия орны адамның мамандығын, тәжіри­бесін, қабілетін, мүмкіндігін, мінез, құл­қын, сөз жоқ, есептей отырып, ұсыны­латын адаммен алдын-ала әңгіме жүргізіп, оның да пікірі ескеріліп, жан-жақты тиянақ­талады. Кейбір ұсыныстардан бас тартатын да адамдар болуы заңды. Ал Өзекең сияқты қоғам, Отан ісін өзінің жеке басының мүддесінен жоғары қоятын адамдар қандай қиын жер, жұмыс болса да партия сенімі деп қабылдайтын. Ол нашарлық емес, ерекше тектілік еді.

Кейбір шынайы қайраткерлердің өмірі де қайшылыққа толы, күрделі болады. Оның себептерін әлдекімдер долбарлап, болжамдап өз пайымдауынша айтып жата­ды. Өзекең қандай құбылысқа да, әртүрлі жағдай, мәселелерге өз пікірі бар, шын­шыл, турашыл, батыл, ірі, қайраткер тұлға.

Өзекең өмірінің бір ерекшелігі - ол кісінің комсомолдан кейін ылғи жаңа құры­лымға жіберіліп, келген жұмысын түбі­рінен бастап өзінің құрып шығуы. Торғайға барғандағы қызметі түгелдей «алғашқы рет», «тұңғыш» деген анық­тауыш, ай­қындауышпен байланысты болды. Одан кейін Орталық партия комитетіне келгенде де Сыртқы байланыстар бөлімі жаңадан құрылып, оның жұмысын бір жүйеге түсіру Жәнібековке тапсы­рылды. Өзекең қысқа мерзімде бұл тап­сырманы да ұршықша иіріп, жаңа бағыттың мәртебесін көтерді.

Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне келгенде де құрылымы, ұйым­дастыруы жағынан жаңа, қажеті мен маз­мұны жағынан ертеден көп зиялы адамның көңілінде жүрген маңызды саланы қолға алып, оның нақты, жүйелі, жоспарлы түрде жүргізілуін негіздеді. Ол - қазақ халқының тарихы мен мәдениетіміздің тарихи ескерткіштері, этнография, ұлттық дәстү­ріміз бен мәдени өркендеу жолдары еді. Әрине, лауазым дәрежесі тұрғысынан Өзекеңнің білімі, мүмкіндігі, қайраткерлігі орынба­сардан гөрі әлдеқайда жоғары екенін ел, қоғам білетін. Алайда, жоғарыда айтылған рухани өміріміздің маңызды қазынасы үшін Өзекеңнің сол салаға келіп, 6-7 жыл еңбек етуі - қазақ этнографиясы, тарихи ескерткіштері, салт, дәстүрі үшін көзі ашы­лып, көгеріп, көктеп, бағы жанған жылдар болды десем, ешқандай артық айтқандық емес.

Өзекең тұңғыш рет еліміздегі тарихи ескерткіштердің ерте дәуірден бастап бүгінге дейінгі толық жинағын жүйелеп, тізімге түсіртіп, оларды оңалдырып, қайта жөндеуден өткізіліп, қалпына келтіру қажеттігін мемлекеттік мәдени-рухани құн­дылықтар дәрежесіне көтерді. Сол жыл­дары Өзекеңнің бастамашылдығымен Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштер жинағының 10 томдығы шыға бастады. Бұл жерде - Кеңес Одағы билігінде «біздің тарихымыз 1917 жылы қазан төңкерісінен басталады» деген уағыз идео­логияның меңдеп тұрған шағында ұлттық мәдениетіміздің ерте замандағы қайнар көздерін танып, мойындауға үлкен бет­бұрыс болғанын еске сала кеткен де жөн.

Мәдениет министрлігі жанынан Өзе­кең­нің тікелей ұсынысымен, жобасымен тарихи-мәдени ескерткіштерді жөндеп, әуелгі қал­пына келтіру, оларды елдің рухани құн­дылығына айналдыру мақсатында «Казреставрация» ғылыми-зерттеу инс­титуты, ар­найы басқарма құрылып, жаңа жүйелі істерге қамқор болды. Сол жылдар аралығында осы бағытта атқарылған қыруар игілікті жұмыс­тарды Өзекеңнің есімінсіз айту да, көз алдымызға келтіру де мүмкін емес.

Қазақ халқының этнографиялық бай әлемін қалпына келтіріп, ұлттық салт, дәстүр, сананы жаңғыртып, оның жүз­деген білгірлері мен іздеушілерін игілікті жұмысқа жұмылдыра алған да Өзекең. Соның айғағы - Өзекең өзі бас болып, ұзақ жылдар тірнектеп жүріп, жинақтап ашқан Алматы қаласындағы респуб­ликалық музыкалық ұлт аспаптар мұра­жайы еді. Кезінде ол мұражайдың ашы­луы үлкен оқиға болған. Мұражай жұмысымен қатар құрылған этнография­лық «Сазген» және Нұрғиса Тілендиевтің атақты «Отырар сазы» ансамбльдері де өз нақыштарымен, өз үндерімен дүниеге келді. Аталмыш мұражайдың жұмысын жолға қою айтуға жеңіл, шын мәнінде тауқыметі көп, әлеуметтік жағдайы жоқ жұмыс еді. Сондай-ақ, «Отырар сазы» ұжымы тарихының өзі бөлек әңгіме. Бұл жерде айтудың реті келіп тұрғаны - Нұрғиса Тілендиев пен Өзбекәлі Жәні­бековтің бірлесіп, сол мұражайдағы ұлттық аспаптарды үлкен ансамбльде «сөйлетуі» еді. Анау-мынау бастық, ше­неу­­ніктерге тарпаң мінез көрсетіп жүретін Нұрекең (Нұрғиса Тілендиев) Өзекеңмен үндесіп, шүйіркелесіп кететін.

Мұражай туралы Үкімет қаулысы болғанымен оның көп мәселесі - атап айтқанда - ғимараты, қызметкерлердің пәтері, штат кестесі, жалақы мөлшері, жалпы қаржысы толық шешілмей жатты. Осының бәрі тиянақталып, Орталық комитеттің бірінші хатшысына баян­далды. Дінмұхамед Ахметұлы сол кезде Орталық партия комитетінің өнеркәсіп істері жөнінде хатшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлымен бірге мұражай жағдайымен мұқият танысып, соңынан екеуі бірлесіп, барлық мұқтаждарын шешіп, нақты қамқорлық жасады.

Нұрсұлтан Әбішұлы мен Өзбекәлі Жәнібекұлының рухани жақындықтарын комсомолдан еститінбіз. Кейін Нұрсұлтан Әбішұлы республика Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы болғанда да, Президент болғанда да Өзекеңе зор құрметпен қарап, оның еңбегі мен қо­ғамдық қайраткерлігін жоғары бағалап, денсаулығы сыр бере бастағанда қамқор­лық, көмегін де мейлінше шын ықыла­сымен жасағанының да куәсі болдым.

Өзекең қызметте де, адамдармен қа­рым-қатынаста да талғампаз, талапшыл, кірпияз. Әсіресе «қағаз», әртүрлі саяси құжаттар, баяндамалар, сөз, саяси мақала жазуға өте шұқанақ. Ол кісінің ойын табу қызметкерлерге оңай болмайтын. Өзекең­нің ой-өрісі кең, білімі терең. Қандай да жұмысқа асқан жауапкершілікпен әрі тың көзбен қарайтын.

Өзбекәлі Жәнібекұлының ғибратты істері көп-ақ. Соның ең абыройлысы да, ең ардақтысы да халқымыздың жады мен тұрмысында сақталып қалған салт, дәстүрлерінің өмірге қайта оралып, ұлт салтанатына айналуы. Өзекең Мәдениет министрі, Қазақстан компартиясы Орта­лық комитетінің хатшысы болған жыл­дары Наурыз мерекесінің қайта туып, жанданып, жаңарып, мемлекет өмірі дәрежесінде бүкілхалықтық мейрам бо­луына тікелей бастамашы болды.

«Қазақ тілі» қоғамын құрып, оның мемлекеттік тіл болу идеясын қалып­тастырды.

Өткен ғасырдың 20-30 жылдары жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ халқының ұлт болашағы үшін құрбан болған ардақты арыстарымызды ақтау туралы саяси шешім қабылдау қажеттігін алғашқы болып, өзімізде, әлі Одақтың шаңырағы шайқалмай тұрғанда Мәскеуде, Орталық билік дәрежесінде көтерген де Өзекең. Кезінде Петер­бор­дағы Эрмитажға алынып кеткен қазақ­тың киелі Тайқазанының елге оралуы да Өзекеңнің еңбегімен байланысты.

Сондай-ақ әртүрлі саяси толқын­дардың шарпуымен қиратылған, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру ісі де Өзекеңнің бастамашылдығымен жүйелі сипатқа бет түзеді.

Олардың қатарында Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Жошы кесенелері, Жаркенттегі мұсылман мешіті, Қарқаралыдағы Құнанбай мешіті, Ұлы­таудағы, Ордадағы, Сырымбеттегі, тағы басқа тарихи құндылықтарымызды айтуға болары хақ.

Осы мақаланың басында келтірілген Үкімет басшысының хатына сәйкес - ұлтымыздың ардақты ұлдарының бірі Өзбекәлі Жәнібековтың есімін есте сақ­тап, оны құрметтеуге де мемлекет тара­пынан жасалып жатқан қамқорлықты айтуымыз әділдік болар еді. Биыл Өзекеңнің 80 жылдығына орай көптеген шаралар ұйымдастырылды. Өмірден өт­кеннен кейінгі жылдары БАҚ-да Өзе­кеңнің өмірі мен еңбегі туралы көптеген естеліктер мен мақалалар жариялануда. Өзекеңнің еңбектері, кітаптары жарық көріп жатыр. Солар­дың ішінде Еркінбай Әкімқұлұлының «Ғибрат­ты ғұ­мыр» се­рия­сымен шыққан «Өзбекәлі Жәнібеков» атты еңбегінің ерекше құнды­лығын айт­қан жөн. Қара­ша­ның басында қайрат­кердің туған топырағы Шәуілдірде Өзекең­нің ескерткіші ашылмақ...

Өзекеңді еске алғанда, алдымен ол кісінің қажымас қайраткерлігі, қатаң болса да әділдігі мен адалдығы, елжіреп тұрмаса да шынайы жанашырлығы мен сенімді бауырмалдығы көңіліңді шуаққа бөлейді.

Өзекең ұлтжанды қоғамшыл, патриот еді. Қоғамдық қызметтің, адал еңбектің, мемлекетке, ұлтқа сарқыла қызмет етудің тарланы еді.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, сенатор.

0 пікір