Бейсенбі, 22 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 109907. Жазылғандар — 105385. Қайтыс болғандар — 1796
Жаңалықтар 2057 0 пікір 29 Қазан, 2011 сағат 12:33

Азаматымен ажарлы ауыл

Астықты өңір Тайынша ауданында егіншілік саласы қарышты дамып, озық технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Биыл астықтың шығымдылығы 22 центнерден айналып, бір миллион тоннадан астам алтын дән жиналды. Осынау жоғары жетістіктерге зор үлес қосып, табыстың тайқазанын тасы­тып жүрген агроқұрылымдар мұнда көптеп саналады. Солардың арасында «Тайынша-Астық» ЖШС ерекше құрмет пен беделге ие. «Ясная Поляна», «Зеленый Гай-Тай­ын­ша» және «Киров-Тайынша» шаруашылық­тары­ның бірігуі нәтижесінде жұдырықтай жұмылған ұйымға айналған шаруашылық республика бойынша да алдыңғылар қата­рында. «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» дегендей, материалдық-техникалық база жақ­са­рып, техникалық жарақтану әлеуеті арт­қаннан кейін өндіріс өрге басып, елді мекен тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайы да жақсара түсті. Агроқұрылымның басты саласы - астық өндірісі. Егістік жерлер 70570 гектар алқапты құрайды. Бидайдан басқа арпа, сүрлемдік жүгері, сұлы, бұр­шақ, рапс, зығыр,біржылдық, көпжылдық шөп егеді. Нөлдік технологияларды кеңінен қолдану, топырақ құнарын сақтаудың нәти­жесінде астық түсімділігі 2008 жылы 19,6 центнерден, 2009 жылы 22,1 центнерден айналды. Биылғыдай мерекелі жылғы шы­ғым­дылық бұрын-соңды болмаған рекорд­тық көрсеткішке жетті - 27,8 центнер! «Құйып алмай қамбаға, астығым бар деп ойлама» деген. Мұнда астықты сақтау жайы да мұқият ойластырылған.

Астықты өңір Тайынша ауданында егіншілік саласы қарышты дамып, озық технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Биыл астықтың шығымдылығы 22 центнерден айналып, бір миллион тоннадан астам алтын дән жиналды. Осынау жоғары жетістіктерге зор үлес қосып, табыстың тайқазанын тасы­тып жүрген агроқұрылымдар мұнда көптеп саналады. Солардың арасында «Тайынша-Астық» ЖШС ерекше құрмет пен беделге ие. «Ясная Поляна», «Зеленый Гай-Тай­ын­ша» және «Киров-Тайынша» шаруашылық­тары­ның бірігуі нәтижесінде жұдырықтай жұмылған ұйымға айналған шаруашылық республика бойынша да алдыңғылар қата­рында. «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» дегендей, материалдық-техникалық база жақ­са­рып, техникалық жарақтану әлеуеті арт­қаннан кейін өндіріс өрге басып, елді мекен тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайы да жақсара түсті. Агроқұрылымның басты саласы - астық өндірісі. Егістік жерлер 70570 гектар алқапты құрайды. Бидайдан басқа арпа, сүрлемдік жүгері, сұлы, бұр­шақ, рапс, зығыр,біржылдық, көпжылдық шөп егеді. Нөлдік технологияларды кеңінен қолдану, топырақ құнарын сақтаудың нәти­жесінде астық түсімділігі 2008 жылы 19,6 центнерден, 2009 жылы 22,1 центнерден айналды. Биылғыдай мерекелі жылғы шы­ғым­дылық бұрын-соңды болмаған рекорд­тық көрсеткішке жетті - 27,8 центнер! «Құйып алмай қамбаға, астығым бар деп ойлама» деген. Мұнда астықты сақтау жайы да мұқият ойластырылған. Өт­кен жылы жалпы сыйымдылығы 120 мың тонна болатын сегіз ас­тық сақтау қоймасы іске қосыл­ды. Серіктестіктегі егістік жер­лердің үштен бірін майлы да­қыл­дар құрайтынын, биыл тү­сімділік 15,3 центнер болғанын ескерсек, аз шығын жұмсап, мол табыс алудың көзін басшылар жан-жақты ойластырған тәрізді. Элиталы тұқым өсіретін шаруа­шылық мәртебесін алғалы бидай, арпа, рапс, зығыр тұқым­дарына деген сұраныстың еселеп өсе түскені байқалады. Соң­ғы 7 жылда машина-трактор пар­кі түгелге жуық жаңарып, көктемгі, күзгі дала жұмыс­тарын 220 жоғары өнімді шетелдік техника бірлігі жұмыла атқарады.

«Жақсыны көрмек үшін» демекші, аталмыш серіктестіктің бас директоры Руслан Молдабеков жайлы жылы лебіздерді жұртшылық аузынан жиі естігеннен кейін тілдеспекке құмар­тып жүруші едік. Соның орайы осыдан екі жыл бұрын Президент Н.Назарбаевтың Қызылжар өңіріне жұмыс сапары кезінде келді. Елбасы аталмыш шаруа­шылыққа арнайы атбасын бұ­рып, агроөнеркәсіп кешені сала­сында атқарылып жатқан өрелі істермен Руслан Жұмабекұлы таныстырған еді. Кең маңдайлы, орта бойлы, биязы мінезді жігіт Мемлекет басшысы тарапынан қойылған сауалдарға байыппен жауап беріп, жылы әсер қал­дырған еді. Біздің ойымызға «азаматына қарап ауылын таны» деген қанатты сөз оралды. Олай деуіміздің себебі бар. Тайынша ауданында ондаған ұлт өкілдері тұрады. Солардың бірі - поляк бауырларымыз. Олардың ата-бабаларының кіндік кескен туған жері Батыс Украина. Өткен ғасырдың 37-ші жылдары саяси қу­ғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың айдауы­мен Қызылжар өңірінің Тайынша стансасы маңына қоныстанған. Жергілікті ха­лық аш-жалаңаш келген жандарды жат­сын­бай, бауыр­ларына тартқан. Қазан-ошақ­та­рына ортақтастырып, үйлеріне орналас­тыр­ған. Ясная Поляна ауылына жолымыз түс­кенде кәрі-жасы қазақ халқына деген ақ ал­ғыстарын жаудырып, өздерін қамқорлыққа алып отырған «Тайынша-Астық» агро­құ­рылымының басшысы Р.Молдабековке деген рахметтерін жаудырып баққан. Округке қарасты үш елді мекен кірсе шыққысыз. Көшелер асфальтталған. Әр аулада жайқала өскен ағаш, гүл көздің жауын алады. Адамдар шетінен инабатты, биязы. Жүздеріне күлкі үйіріліп, өмірлеріне деген алаңсыз­дықты, ризашылық сезімді жазбай танисың. Кейін сұрастырып білгенімізде, бірде-бір мәдениет ғимараты бұзылмаған, сол күйін­ше сақталып қалған. «Осындай басшыларды кездестірген маңдайымыздың бағы бар екен» деген еді сөйлескенімізде ауыл тұр­ғындары. Міне, үш ауылды бытыратпай ұстап, 700-ден астам адамды тұрақты жұмыс­пен қамтып отырған Руслан Молдабеков уақытының тығыздығына қарамастан, біздің сауалдарымызға да үлкен ықыласпен жауап берген еді.

2000 жылы ауа райы өте қолайсыз бол­ды. Соған қарамастан, маңдай, термен өсі­рілген рыздықты жауын-шашынға ұрын­дыр­май шашаусыз жинап алдық. Сол кезден бастап, жоғары өнімді шетелдік техникалармен жарақтанудың өте-мөте қажет­тілігін сезініп, «Бюллер», «Джон Дир» тракторларын, «Морис», «Конкорд», «Джон Дир», «Флексикойл» тұқым себу кешендерін, «Саммерс», «Риппер» топырақ өңдеу құралдарын, «Кейс», «Джон Дир» комбайндарын ал­дыра бастадық. Сөйтіп, астықты алқаптарды мерзімімен өңдеп, егіс жұмыстарын жаңаша ұйым­дастыруға қол жеткіздік, деп еді сонда іскер басшы өткен қи­ын­дықтарды еске алып. Оның ай­туынша, «К-700» тракторына қа­рағанда «Джон Дир» және «Бюллер» техникаларының өнім­ділік қуаты әлдеқайда жоғары. Мәсе­лен, бір тұқым себетін кешен науқан уақыттарында 4-4,5 мың гектар жерге тұқым сіңіріп, 10-12 тракторды, 15-20 меха­низа­торды алмастыра алады екен. Жаңа тұқымсепкіштерді қолда­ну гектар өнімділігін 3-5 центнерге молайтып, айтарлықтай нәтиже береді. Оның үстіне әр гектар сайын 1,4-1,6 кило жа­ғармай үнемделеді. Міне, осын­дай жаңашылдықты алғаш­қы­лардың қатарында сезініп, ша­руашылыққа кеңінен пайдалана білген іскер азамат егістік зиянкестеріне қарсы химиялық препараттарды алғашқы­лар­дың санатында қолданған. «Байер Круп Сайтес», «Монсанто» секілді белгілі компаниялармен тікелей байланыс жасап, өсімдік қорғау заттарын кеңінен тұтынады. Одан кейін де бірнеше мәрте жүздестік. Сол сабыр­лы қалпы, әр сауалға асықпай-аптықпай нақпа-нақ жауап беретін дағдысы. Оның әр сөзінен серіктестіктің үнемі өсу-өркендеу, алға қарыштап даму жолында келе жат­қанын қапысыз аңғарасың.

Р.Молдабеков кенжелеп қалған мал ша­руашылығын дамытудың тың көздерін қарастырып, аз жылдың ішінде ірі қара малы 6 мың басқа жеткен. Оның ішінде асыл тұқымды мал басын көбейтуді басты бағдар еткен. Қазақтың ақ бас және қара ала сиырлар тұқымын өсіре отырып, асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін иеленген. 2000 бас сиырға лайықталған сүт фермасы пайдалануға берілгелі әр сиырдан сауыла­тын сүттің жылдық мөлшері 8100 литрді құраған.

- Мұндай жетістікке Канададан голштинг асыл тұқымды сиырларын әкелу арқа­сында жетіп отырмыз. Сүт өндіру 7 мың тоннаға дейін ұлғайды. Өзімізде әзірленетін сүт өнімдерімен еліміздің ішкі сұранысын қамтамасыз етіп отырмыз. Биыл Канададан тағы 500-ге жуық етті тұқымды ірі қара малын әкелдік. Ондағы мақсат етті ба­ғыт­тағы мал шаруашылығын өркен­дету, - дейді ЖШС басшысы.

Озық технология Руслан Жұмабекұлы­ның құдды бір хоббиі тәрізді. Биыл амери­калық фирманың жерді суландыру бағдарламасы өндіріске енгізіліп, 1500 гектар алқаптағы жо­ңышқа мен түйебұршақ әлде­қайда мол өнім берген. Енді сапа­лы азық-түлік қорын жасау үшін 1900 гектар алқапты сулан­дыру жүйесіне қосу көзделген. Бұл мақсат үшін 350 миллион теңге қарастырылған.

Білгір басшының елге, жерге сіңірген қалтқысыз еңбектерін өңіріне жарқырай тағылған «Құр­мет» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі секілді мемлекеттік марапаттар айғақтайды. Адамдардың өмір сапасын одан әрі жақсартып, әлеуметтік сала­лардың нығая түсуіне демеу жасау оның азаматтық парызы дерсің. Мәселен, ауыл-село­лардағы түрлі мәдени шара­ларды атқаруға 7 миллион теңге жұмсалса, студенттердің оқуына 2,7 миллион, мұражайды қайта жаңғыртуға 2 миллион, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, көп балалы отбасыларға 3,7 миллион, Наурыз мерекесін өткізуге 364 мың теңге берілген. Бұған Ясная Поляна ауылдық округіне қарасты білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін қосыңыз. Айта берсе, мұндай жарқын мысалдар көп. Былтыр әлеуметтік бағдарламалар бойынша 21,5 миллион теңге бөлінсе, биыл қаржыландыру 2 есеге артқан. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 60 мың теңгені құрап отыр. Жыл сайын 30-ға тарта жаңа жұмыс орындарының ашылуы қалыпты көрініске айналғандай.

Өмір ЕСҚАЛИ.

______________

ӘРІПТЕСТЕРІ МЕН АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ ЛЕБІЗДЕРІ

Анатолий РАФАЛЬСКИЙ, «Тайынша-Астық» ЖШС атқарушы директоры:

- Мен Руслан Жұмабекұлын «Қазэкспортастық» агрофирмасы құрылған кезден білемін. Содан бері бір серіктестікте қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз. Шаруашылықты басқару шеберлігіне бәріміз тәнтіміз. Оның тікелей ұйытқы болуымен көптеген игі істер дүниеге келді. Ол - кеңсенің емес, нағыз істің адамы. Жұмыспен қатар адамдарды тыңдауға да уақыт табады. Адамгершілік қасиеттерімен үлгі. Қарапайым да кішіпейіл мінезімен өзіне тартып тұрады.

Төлеген ҚОНЫСБАЕВ, «Құрмет» орденінің иегері, «Эксим-Нан» ЖШС директоры:

- Біз де «Қазэкспортастық» агрофирмасының бөлімшесі сана­ла­мыз. Экономикалық қиын шақтарда онымен танысып, еңбек жолымызды бірге бастадық. Содан ағалы-інідей сыйласып кеттік. Жасы кіші болса да, көпшілік өнеге тұтатын азамат ретінде сыйлайды. Әріптестері әркез оған теңелуге тырысады. Өйткені, ол нарық заңдарын, уақыттың тамыр соғысын терең біледі. Ба­тыл да байламды шешімдерімен тек алға жылжуды ғана ойлайды. Жасыратыны жоқ, бастапқыда майлы дақылдардың қыр-сырын меңгермегендіктен, өсіруге жүрексініп жүрдік. Осынау бағалы да­қылдың пайдасына көзімізді жеткізген Руслан. Біз 58 мың гектар жерге дәнді дақылдар өсіреміз. Оның 40 мыңы - бидай, 5 мыңы - рапс, 5 мыңы - зығыр, 1200-і - күнбағыс. 18 егіс кешеніміз, 20 комбайнымыз бар. 470 адам еңбек етеді. Осындай биік дәрежеге жетуімізге, сөз жоқ, Русланның ықпалы көп болды. Өзі тұратын Петров ауылының өсіп-өркендеуіне, тұрмыстың жақсаруына жан-жақты көмек беріп келеді.

Талғатбек ТОҚТЫБАЕВ, «Жаркөл» ЖШС жетекшісі:

- 1997 жылы мен « Тихоокеанское» өндірістік кооперативіне же­текшілік ететінмін. Осы кезде Русланмен танысып, «Қаз­экс­портас­тық» агрофирмасының құрамына кіруге кеңес берді. Оған еш өкінбеймін. Жыл өткен сайын егістік көлемі ұлғайып, қазір 41 мың гектарға жетіп отыр. Ірі қара мал өсірумен де шұғылданамыз.

Өз басым Русланның қазақы болмысына, кеңдігіне, үлкенге , кішіге деген ізеттілігіне тәнтімін. Сыпайы мінезінен айныған қалпын көрген емеспін. Бірінші орынға әркез адам факторын қойып, қашан қолұшын бергенше тыным таппайды. Оның серіктестігі қоныстанған Ясная Поляна округінің кез келген елді мекені тазалығымен, жасыл желегімен сүйсінтеді. Өйткені, ол әлеуметтік, мәдени нысандардың жөнделуін назардан тыс қалдырған емес. Мектептерге, көп балалы отбасыларға, қарт адамдарға да тұрақты көмектесіп тұрады. Ол - Қазақстанның, туған елінің, өсіп-өнген жерінің шын мәніндегі патриоты.

Солтүстік Қазақстан облысы.

0 пікір