Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2412 1 пікір 17 Мамыр, 2020 сағат 15:16

Қырғызстанда соңғы қоңырау 30 мамырда "онлайн соғылады"

Қырғызстанда оқу жылы 30 мамырда аяқталады деп мәлімдеді елдің білім және ғылым министрінің орынбасары Надира Жүсіпбекова.

«Көктемгі демалыс әдеттегіден ұзақ болды. Сосын 1-5 мамыр демалыс күндері болды. Оқушылар мектеп бағдарламасын толық игеру үшін оқу жылын создық», - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, коронавирус эпидемиясына байланысты мектептерде соңғы қоңырау шарасы онлайн түрде 30 мамырда өтеді.

«Сынаптан сыныпқа ауысу емтиханы биыл өтпейді. Мұғалімдер оқушылардың жыл бойы сабақ үлгеріміне қарап баға беретін болады. Мектеп бітірушілерге аттестация беру ережесіне өзгерістер енгізілді. Мектеп директоры пәндік комиссия құрады. Оған мұғалімдер әрбір түлектің әр тоқсандағы сабақ үлгерімі жайында есеп береді. Жалпы белсенділігі, олимпиадаға, түрлі байқауларға, ғылыми жұмыстарға қатысуы да есепке алынады», - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Мектеп түлектері өзіне қойылған бағаға көңілі толмаса, шағымдана алады.

Ал 21 маусымда 180 тест орталығында мектеп түлектері ұлттық біріңғай тест тапсырады.

15 мамырдағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда 1111 адамнан коронавирус анықталды. 745 науқас емделіп, 14-і көз жұмған.

Abai.kz

1 пікір