Сейсенбі, 19 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5747 0 пікір 31 Тамыз, 2011 сағат 06:42

АЛТАЙДЫҢ БАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛ ФЕСТИВАЛІНДЕ Б БӘЙГЕ АЛДЫ

Өскеменде екі күнге созылған ІІ халықаралық бал фестивалі өтті. Қазақстан мен Сібір елдерінде ежелден бері балдың отаны саналып келе жатқан Шығыс Қазақстан облысында осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальға Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қытай, Израиль, Украина, Өзбекстан елдеріндегі омарта шаруашылығы саласының өкілдері, Орталық Азиядағы мал шаруашылығын өркендету жөніндегі қоғам төрағасының орынбасары Ирфан Даскиран, Қазақстан тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов, Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер, Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттары мен өзге облыстардың омарташылары қатысты.

Өскеменде екі күнге созылған ІІ халықаралық бал фестивалі өтті. Қазақстан мен Сібір елдерінде ежелден бері балдың отаны саналып келе жатқан Шығыс Қазақстан облысында осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальға Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қытай, Израиль, Украина, Өзбекстан елдеріндегі омарта шаруашылығы саласының өкілдері, Орталық Азиядағы мал шаруашылығын өркендету жөніндегі қоғам төрағасының орынбасары Ирфан Даскиран, Қазақстан тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов, Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер, Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттары мен өзге облыстардың омарташылары қатысты.

Алыс, жақын шетелден Шығысқа жиналған қауым облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВПЕН бірге алғашқы қадамдарын Глубокое ауданы Бобровка ауылының маңындағы Раздольное мекенінде орын тепкен омарта шаруашылығымен танысудан бастады. Биік тауды қиялай өскен қайыңы мен аршасы, шыршасы тұтасып, сыңсып тұрған бөктер нағыз омарта шаруашылығы үшін жаралғандай екен. Бұлағы сылдырап, құрағы жайқалып, мойылы мөлдіреп, жайқалған гүлдің жұпары мұрныңды жарардай. Михаил Гусляковтың осы жерде ара өсіріп, бал жинап келе жатқанына 25 жыл болыпты. Былтырдан бері асыл тұқымды омарта шаруашылығы мәртебесін алған шаруашылықта 240 ара ұясы ұсталынып отыр. Маусымына 5 тонна бал өндіріп, сатып отырған отбасы несібесін тек осы өнімнен көріп келеді. 2010 жылдан бастап облыстағы асыл тұқымды омарта шаруашылықтарына беріліп жатқан субсидия бұл шаруашылыққа да тиіп, биыл облыстық бюджеттен 800 мың теңге қаржы бөлініпті.

Қасиетті балдың қадірін ежелгі дәуірдің жұрты да жақсы біліп, түсінгенін тарих дәлелдеп отыр. Суы бал, шөбі нәр дәл осы жерде осыдан үш ғасырға жуық уақыт бұрын арадан бал алынған көрінеді. Араның гуіліне толы сай ішіндегі омарта басында: «Бұл жерде 1786 жылы Қазақстан мен Сібірдегі ең алғашқы омарташылық кәсібі басталған» деген гранит тасқа қашалып жазылған сөздері бар ескерткіш тақта ашылды.

Одан соң фестивальға келген қонақтар мен облыстың, еліміздің ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері өкілдерінің, облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ қатысуымен Өскемендегі «Алтай» технопаркінде «Еуразия контингентінде омарта шаруашылығын дамытудың болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Қазақстанда омарта шаруашылығы - артта қалып келе жатқан сала. Шаруашылықты өркендетуге қаржы қарастырылмай отыр. Қазіргі күні елімізде барлығы 6 мыңнан астам ғана ара ұясы бар. Мемлекет тарапынан назар аударылмай отырған мәселені бір ғана облыс деңгейінде шешіп, қалпына келтіру оңай емес. Елімізде «Омарта шаруашылығы туралы» Заң бар болғанымен, саланың жұмысын жүйелеуге қауқарсыз болып келеді. Өскеменде осымен қатарынан екінші жыл ұйымдастырылып отырған халықаралық бал фестивалінің көздеген басты мақсаты - омарта шаруашылығының шырайын келтіріп, оны табысты кәсіпке айналдырып отырған елдердің іс-тәжірибесін үйреніп, өз облысымызға, елімізге енгізу, орын алған проблемаларды бірлесе шешу жолдарын қарастыру. Өңірдің табиғи ерекшелігін, әлеуеттік мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, саланы өркендету үшін Шығыста екі жылдан бері марал, омарта шаруашылығына қолдау көрсетіліп, облыстық бюджеттен субсидия бөлінуде. Омарташылар даярлауға, ара тұқымын асылдандыруға жағдай жасалуда.

Қазақстанда таяу жылдары бал арасының ұясын 2 миллионға дейін жеткізу жоспарлануда. Осы межеге жету үшін бал араларын асылдандыруға үлкен мән берілуде. Осы фестивальға биыл да келіп қатысып, балдың адам иммунитетін көтеріп, ағзаны сауықтырудағы баға жетпес қасиеті жөнінде дәйекті деректер келтірген Қазақстан тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов тұмса табиғатымыздың сан мың алуан гүлі мен тобылғы, шырғанақ, қарақат, тошала, шүйгін шөбінен жиналған Шығыс Қазақстан жерінің балы, Алтайдың балы барлық елдің, жердің балынан асып түсетін теңдесі жоқ шипалы өнім екенін ерекше атап айтып, «облыс басшысының мектеп оқушыларының тамақ мәзіріне 20 грамнан балды енгізіп отыруы халық болып қолдап, бүкіл Қазақстанда жүзеге асырылуы қажет шара» деп бағалады.

Дөңгелек үстел басында бал өндіру бойынша әлемде 5-орында тұрған Украина еліндегі омарташылар одағының төрайымы Татьяна Василькиевская украиналықтардың омарта шаруашылығындағы жетістіктерін әңгімелей келе Қазақстанмен, оның ішінде балымен аты шығып отырған Шығыс Қазақстан облысымен серіктестік байланысты одан әрі нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, облыста осы саланы өркендетуге өз үлестерін қосуға әзір екендіктерін жеткізіп, фестивальды жоғары деңгейде ұйымдастырған облыс, қала басшылығына алғысын айтты. Мектеп оқушыларына бал беруді дәстүрге енгізіп отырған облыс Әкімінің бастамасын Украина еліне де таратуды қолға алатынын мәлімдеп, фестивальдың қорытынды құжаттарына мектеп оқушыларының ас мәзіріне балды енгізу туралы тағы бір бөлім енгізуді сұрады.

Алқалы жиынның соңында «Бал ара» Қазақстан омарташылар одағы мен Ресей Федерациясы, Қытай, Түркия, Израиль, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан омарташылары қауымдастығы мен бірлестіктері, сондай-ақ екі жақтың ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттары арасында «Омарта шаруашылығы саласындағы өзара ынтымақтастық туралы» меморандумдарға қол қойылды.

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1440
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 1653
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 2817