Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3995 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 04:49

Ардақ Нұрғазыұлы. Қас батыр, Ван Гог және үш кісілік одақ (жалғасы)

Поэманың төртінші бөлегі «даралық» және «тобыр» деген мазмұнды бөліп алып қорытқан. Бұлар алдыңғы мазмұнда да қамтылған. Бірақ ақын бұл мазмұнды дара қайталау арқылы шығарманы тағы бір биікке көтерген. XX ғасырдың тумасы ретінде ақын жоғарыдағы тақырыптан айналып өтуге болмайтынын анық аңғарған сияқты. Кешегі жарты әлемді қан қақсатқан коммунистерден тартып, бүгінгі қара басының тойымсыз қара ниетінен жұртты жерге, ұлысқа, жүзге, руға бөліп аласұрып адасып жүргендердің бәрі де осы топшылдықтың ауруымен ауырғандар. Ондайлардың бір ғана сұмдық қорқатын қас дұшпаны бар. Ол - даралық. Коммунистер кімді қырды? Ең алдымен халықтың ішіндегі сорпа бетіне шығар, жетекке ере бермей даралана алатын адамдарды қырды. Бұның себебі халық өзінің әлгіндей ұл-қыздарынан айрылған соң, бірден тобырлық деңгейге төмендейді, қоғам қара ниеті қабынғандар мен алаяқтардың ойына келгенін істеуіне кең жол ашады. Кеше ғана өтіп кеткен XX ғасырдың өзі осындай сорақылықтардан жетіп-артыларлықтай мысал көрсеткен жоқ па?! Бұл тұрғыдан келгенде поэманың төртінші бөлегі аса ауыр салмақ ұстап тұр. Бұл бөлек лирикалық жырда әлеуметтік-тарихи тақырыпты (тарихшылар қанша жазса да дәл түйінін басып, жеткізіп айтып бере алмай жатқан дүниелерді) тамаша жеткізген жыр ретінде қазақ позиясының жарқын беті болып қалатыны анық. Осы жолдарды оқиық:

Бауыры жерге тимеген, шалғысы күнге күймеген -

Ақ сұңқарды жаралады сауысқан, қарға, құзғындар -

Шоқып, түртіп талады. Қауырсыны желге ұшып, қос топшысы қанады.

Арашалар ешкім жоқ, Сұңқар маған қарады.

Мен Сұңқарға қарадым, тұнжырап түндей қабағы.

Қаламымның ұшымен  құзғынның көзін ағыздым.

Белбеуімді суырып сауысқан мен қарғаны -

Сансыратып сабадым.

Ақ Сұңқар құс былай деп сабырлықпен үн қатты:

«Жүрегімдей көрдің бе, қанжоса боп күн батты.

Арашадан қалған жан, жан емес ол, жалған жан.

Шапағат, мейірім күтпеймін мынау жалтақ жалғаннан»

Сұңқар басын тасқа ұрды, Өз үкімін пәш қылды.

Жалғыздықтан қорықпаймын, топқа, жікке бөлінген,

құм төбедей  өрілген тобырлардан қорқамын.

Аш бөрідей бүкеңдеп, жортсам, жалғыз жортамын.

Тырналар ұшар тізіліп, бұлдырық ұшар топтанып.

Ал, құстардың тектісі қырандар жалғыз  самғайды.

Жер мен Көкті шарлайды.

Тексіз шиебөрілер оннан-бестен ұйлығып жүргенімен қампайып,

Бірін-бірі аңдиды, бір-бірінен қорқады.

Күн баласы арыстан, түн перісі сілеусін, тау серісі-

Барысың жалғыз-жалғыз жортады.

Күйбеңдемей күй кешіп, өзіне-өзі сенеді тәкаппарлық, паңдықпен.

Ығысады олардан былайғы топшыл аң біткен.

Сыбыры көп болғанмен, сылдыры көп болғанмен -

Жолбарыс үрікпес қамыстан.

Ажалдан емес, Сұңқарша өлермін түбі намыстан.

Күншіл топтан жерінген мен бір тарпаң құланмын.

Күлсем жалғыз күлермін, жыласам жалғыз жылармын.

Уатшы деп біреуге қол қусырып құнықпан.

Құлай қалсам сүйегім табылар шыңырау құдықтан.

Поэманың бесінші бөлегі шарықтап кеткен қиялдың сәл де болса тізгіні тартылып, өлеңді өмірге жақындату сияқты сезіледі. Сондықтан да бұл жолдарда ақын өзінің аса қадір тұтатын ақын ағалары мен інілері туралы тоқталып өткен. Бізде содан бұл бөлекке онша шұқшиып кетпедік. Бұдан соң поэма сірке жияр ақырғы алтыншы бөлекке - түйін сөзге қадам тастайды. Оқиық:

Кең аула.

Шексіз кеңістік.

Қанатты жыр - менде бар, емеспін нөсер жауынға, найзағайға, желге зар.

Кең аулама ектім мен өз қолыммен түп емен,

Түп еменнің түбіне Ай туғанда түнегем.

Сол емендей қасқайып тағдырыма қасарып.

Сол емендей найқалып, сол емендей түнерем.

Кең аулама ектім мен, алма ағашын аласа,

Суармаған кешім жоқ. Ұрпақтарым алмасын үзіп-үзіп жесін деп.

Кең ауламның ішінен шыңырау құдық қаздым мен.

Суы көздің жасындай, іше бергім келеді, сусыным бір басылмай.

Кең аулама сыйғасын, құс баулып, ат ұстадым.

Көрмейін деп тірідей бұл жалғанның қыспағын.

Құс болғасын қолымда, ат болғасын астымда, місе тұтпай ауламды -

Шықтым дала, тас қырға.

Апанынан осылай ұзап шығып жортады екі ұртын  майларға -

Қасқыр екеш, қасқыр да.

Қолымда құс болғасын, көтерілдім ғарышқа,

Кеңістігін жұлдыздар қызғанбады қорғаштап,

«Ақбозат» пен «Көкбозат» кісінесті жол бастап.

Кең аула, шексіз кеңістік, қанаты жыр деген сол,

Онсыз менің болады жүрегім мұз, төбем сор.

Сел жауса да сөнбейтін өлеңнен қойдым от жағып,

Төрт құбылам жап-жарық, ортасына мені алып -

Суретке түсер көп халық...

Суретке түсер Алты Алаш, патша да, ханым да шарпылып жүзі жалынға.

Бұл жолдарды бүкіл жырдың, тіпті жалпы Жәркен Бөдешұлы шығармаларының алтын тұғыры деуімізге болады.

Кең аула.

Шексіз кеңістік.

Осы жолдардан бастап ақын енді жаңа әлем. Жәркен Бөдешұлы өлеңдерінің барлығынан дерлік өзгеше трагедиялық сарын есіп тұрады. Ертеректе жазған өлеңдерінде ол бізге ақынның туған жері Жәйіртауға жолдаған сағыныш сазы болып естілсе, уақыт өте келе ол әуен бұрынғысынан өзгеше, күрделі, қарауытқан, тереңге тартқан үнге айналып кеткен. Біз ол әуенмен осы поэманың басында да кездесіп қаламыз. Бірақ, бұл әуен поэманың ақырғы бөлегінде тұңғыш рет күрт өзгереді. Поэманың құдыреті де осы бұрылыстан туындаған. Енді ақын күйзелмейді де күңіренбейді, қайта, соның бәрін - түнекті, қараңғылықты, қайғыны жиып келіп, соңында одан өзгеше бір дүние - айталық айналасына тек жарық пен жылу сыйлайтын күн жасайды. Бұл көзбен, құлақпен емес, көкірекпен сезінуді қажет ететін деңгей. Бұл жерде мынадай бір сұрақ және соған жауап тұр: Адамзат деген кім өзі? Ғарыштан қарағанда көзге көрінбейтін шаңдай ғана осынау «жер» деген  мекенде қыбырлап жүрген, оң-солына қараған, «Не үшін? Неге бұлай?» деп өзіне күбірлей алған жан иесі сырлы тірілікті не деп түсінуі керек? Ескен желдей өте шығатын өмірде «мен былай өмір сүріп едім» деп өзінің бір кезде тірі болғанына белгі ретінде өмірге қандай қазық қағуға тиіс? Еріксіз ойланасың. Поэманың ақырғы бөлегін оқып отырғанда менің ойыма бірден «ауа, су, топырақ» деген сөздер келді. Бұл үш сөз біздің санамыздағы табиғат-ананың - тіршіліктің, дарқандық пен мейірімнің бейнесі емес пе. Біз өзімізге «Біз кімбіз? Біз немізбен мағынаға иеміз?» деген сұрақты адал қойғанда ғана осы үш сөздің тасадағы мағынасына терең бойлай аламыз, Жәркен Бөдешұлының кеңістігіне де енеміз. Біздің санамызда өзімшілдік, қызғаншақтық, қатыгездік қашанда үстем тұратынын да білеміз. Бірақ, онда сол бір сезімнің де бар екені шындық. Әйтпегенде біз әлгі үш сөзді бұлайша қосақтап айтпаған болар едік. Тіршіліктің бір түрі ретінде адамзаттың - біздің - мәніміз де бойымызда, міне, осы ерекшелігіктің бар екендігінде.

Осылайша Жәркен Бөдешұлы әлгі есікті тапты, есіктің көзінде сәл тұрды да кілтті бұрады, есік ашылды. Біздің алдымызда жаңа бір әлем тұр. Бұл енді қазақ поэзиясы үшін де жаңа кеңістік.

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір