Жұма, 19 Сәуір 2024
Білгенге маржан 5271 4 пікір 12 Мамыр, 2020 сағат 13:42

Вакцинация неліктен міндетті болуы тиіс?

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің аса қауіпті инфекцияларды талдау мен мониторингілеу және зертханаларды дамыту бөлімінің басшысы Әсем Күмісбаева: Вакцинацияны міндеттеу - азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін ынталандыруға бағытталған шаралардың бірі!

Соңғы жүз жылда адамдар инфекцияның таралуына қарсы қалай күресу керектігі жөнінде көп нәрсені білді және бірқатар жұқпалы ауруларды бақылауда ұстауды үйренді, ал олардың кейбіреуін мүлдем жойды. Дегенмен, адамның инфекциялық аурулармен күресі тоқтаусыз жүріп жатыр және бұл жерде көп нәрсе көптеген елдердің, ұйымдардың және қарапайым адамдардың үйлестірілген күшіне байланысты. 

Вакцинация өмірге қауіп төндіретін инфекциялық аурулармен күресудің немесе оларды жоюдың құралы болып табылады. Мәліметтерге сүйенсек, иммундау жыл сайын 2 миллионнан 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл - тіпті халықтың ең осал тобына иммундау қолжетімділігін қамтамасыз ететін стратегиялармен тексерілген денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар тұрғысынан ең тиімді түрі. 

Неліктен вакцинация міндетті болуы тиіс? Өйткені халықты вакцинациямен  барынша жоғары - 95% және одан да көп деңгейде қамту кезінде тиімді вакцинациялауға қол жеткізуге болады! Жыл сайын иммундау дүние жүзінде 3 миллион адамның өмірін аман алып қалады, сондай-ақ тағы да миллионнан астам адамды аурулардан және өмір бойы мүгедек болудан құтқарады (ДДСҰ-ның есептік деректері). Балаларды жоспарлы иммундау енгізілгенге дейін инфекциялық аурулар әлемде болатын балалар өлімінің жетекші себептерінің бірі болған еді. Тіпті, қазіргі кезде де бұл аурулар вакцинопрофилактика әдістерімен бақыланатын барлық инфекциялардың ішінде өлімге әкелетін және ең жиі кезедесетін қызылша, b типті Haemophilus influenzae (Hib), көкжөтел және жаңа туған баланың сіреспесі сияқты инфекциялардан болатын қайғы-қасіреттің және өлімнің себебі болып отыр. Жыл сайын 10.6 миллион бала бес жасқа жетпей қайтыс болады; олардың 1.4 миллионы вакцинацияның көмегімен алдын алуға болатын аурулардан қайтыс болады. Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 3- 4 миллион адам  басқарылатын инфекциялардан қайтыс болады. 

Иммундаумен қамту деңгейін арттыру аясында белгілі бір инфекциялық ауруға қарсы вакцинаны енгізу сырқаттанғандар санының едәуір азаюын қамтамасыз етеді. Және де, керісінше, екпелермен қамту деңгейін төмендету кезінде ауру жағдайы қайтадан орын алады. Егер иммундауға баса назар аударылмаса, онда полиомиелит, қызылша немесе дифтерия сияқты өте жұқпалы аурулар қайтадан пайда болуы және дүние жүзіне, оның ішінде біздің елімізге де таралуы мүмкін. 

Сондай-ақ иммундау екпе алмағандарды да белгілі бір инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу арқылы қорғай алады: белгілі бір қоғамдастықта жеткілікті адам саны вакцинациялаудан өткен кезде инфекциялар таралмайды. Сипаты өте жұқпалы болғандықтан, қызылшаға байланысты мұндай әсерге халықтың үлкен бөлігін (>95%) иммундау есебінен қол жеткізуге болады. Екпе алған адамдар көбейген сайын, соншалықты адам өмірін аман алып қалуға болады.    

Балаңызға екпе жасау қажет екені туралы ойланыңыз! Бұл туралы ойлану керек, өйткені балаңыздың өмірі - өз қолыңызда. Вакцина ала отырып, сіз туберкулез менингиті сияқты қорқынышты аурулардың және көптеген басқа да аурулардың алдын аласыз. Халықтың шамамен 95 пайызы вакцинациялаудан өткен кезде ұжымдық иммунитет қалыптасады деп есептеледі, вакцинациялаудан өтпеген адамдар өздерінің және басқа адамдардың сол ауруға шалдығу мүмкіндігін арттырады.    

Сіреспе сияқты басқарылатын инфекциядан ұжымдық иммунитет есебінен қорғану мүмкін емес, өйткені бұл жұқпалы ауру емес. Егер сіздің балаңыз сіреспеге қарсы екпе алмаған болса, онда басқа балалардың екпе алғаны не алмағаны маңызды емес – балаңыз бәрібір аурудан қорғалмаған болып саналады. 

Ұжымдық иммунитет концепциясы ата-аналарда жалған қауіпсіздік сезімін тудыруы мүмкін, бұл олардың профилактикалық екпелерден бас тартуының себебіне айналуы мүмкін. Мұндай көзқарас кез келген ұжымдық иммунитеттің әсерін төмендетіп қана қоймайды және вакцина алмаған кез келген бала аталған жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырады. Ең ақырында, екпе алмаған бір адам ауруға шалдықса, кейіннен одан айналасындағы вакцинациядан өтпеген адамдар ауру жұқтырады.

Вакцинацияның міндетті екендігін ұмытпаңыз, өйткені сіз өз денсаулығыңыз үшін жауаптысыз! Вакцинацияның сәтті өтуі әр адамның дайын болуына, жалпы салауаттылықты қамтамасыз етуге байланысты. Вакцина ала отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қорғайтыныңызды есте сақтаңыз!

Abai.kz

4 пікір